S&P қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ-ның рейтингтері бойынша болжамды қайта қарады

S&P Global Ratings 21 желтоқсанда қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикасы тобының рейтингтері бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» қайта қарады

S&P қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ-ның рейтингтері бойынша болжамды қайта қарады

S&P Global Ratings 21 желтоқсанда қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикасы тобының рейтингтері бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» қайта қарады.

«S&P Global Ratings 21 желтоқсанда қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикасы тобының рейтингтері бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» қайта қарады», - деп «Самұрық-Энерго» АҚ-ның хабарламасында айтылады.

Сонымен қатар, ұйым «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді корпоративтік кредиттік рейтингтерін «B+/B» деңгейінде, сондай-ақ топтың ұлттық шкаласы бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «kzBBB» деңгейінде растады. Өтеу кезеңінде – 2017 жылғы 20 желтоқсанда – 500 миллион доллар көлеміндегі АҚ-ның басымдықты қамтамасыз етілмеген облигацияларын шығару «B+» рейтингінде болды.

 

«Егер еншілес ұйымдарды сату қарыздың одан әрі қысқаруына әсер етсе және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өтімділік көрсеткіштері жақсарса, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның рейтингтер бойынша болжамын қайта қарау – оның кредит қабілеттілік сипаттамалары келесі жылы жақсарады деген болжалымызды білдіреді», - делінеді компанияның хабарламасында.

 

S&P «Самұрық-Энерго» АҚ қысқарған, бірақ әлі де болса маңызы бар инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін жеткілікті болатын еркін операциялық ақшалай ағынды өндіруді жалғастырады деп болжайды.

 

«Егер жоспарланған активтер сатылып, осы сатылымнан түскен түсімдер қарыздық жүктемені қысқарту үшін пайдаланылса, «түзетілген қарыз/EBITDA» қатынасы 2016 жылғы 5х-тен 2017 жылдың соңында 4-4,5х-ке және 2018 жылы кем дегенде 4х-ке азаяды деп жоспарлаймыз», - делінген компанияның хабарламасында.

Дереккөзі: ИА Trend (trend.az)

2017.12.25
2018.01.16

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng