Біздің басымдықтар – өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде кеңес өткізілді.

5 желтосқанда Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Ерсайын Оспановтың төрағалығымен еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) топ-менеджментімен еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде кеңес өткізілді.

 Кеңеске Қоғамның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік  Түйтебаев, ЕТҰ-лардың басшылары мен еңбекті қорғау мамандары қатысты. Кеңес Өндірістік жарақаттанушылық деңгейін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында өткізілді.

Өндірістік жарақаттанушылықты азайту, ЕТҰ-ның жоғарғы басшылығының еңбекті қорғау процестеріне қатыстырылуын арттыру, еңбек және өндірістік тәртіпті бұзғаны үшін қызметкерлерге, башыларға ұжымдық және жеке жауапкершілік тағайындау мәселелері қарастырылды. Жазатайым оқиғаларды жасыруды болдырмау мен тіркеудің айқын жүйесін ендіру, барлық оқиғаларды, соның ішінде жазатайым оқиғалар мен шағын жарақат алуға әкеп соқтырмаған әлеуетті қауіпті оқиғаларды тергеу қажеттігі ерекше атап өтілді.

Департамент директоры Сәкен Қожабеков өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ү.ж. 11 айының қорытындылары бойынша көрсеткіштердің жақсарғанын, 5 жыл ішіндегі өндірістік жарақаттанушылық деңгейінің төмендеуін атап кетті.

Кәсіби мереке «Энергетиктер күні» қарсаңында Басқарушы директор Ерсайын Оспанов Қоғам басшылығы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және электр энергетикалық кешеннің дамуына қосқан үлесі үшін марапаттаған ЕТҰ-ның еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мамандарына алғыс білдірді.

2017.12.05
2018.01.12

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng