ЦАТ жобасын жаңарту туралы келісімге қол қойылды

Жобаны іске асыру көмірді өндіру бойынша «Богатырь» кесігінің өндірісітік қуатын жылына 32 млн. тоннадан 40-қа дейін ұлғайтуға

2017 жылғы 7 желтоқсанда Амстердам қаласында (Нидерланды) «Богатырь Көмір» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымы - 50%) және ThyssenKrupp Industrial Solutions AG неміс компаниясы арасында Екібастұз көмір кен орнындағы «Богатырь» кесігінде көмірді өндірудің, тасымалдаудың, тұрақтандырудың және тиеудің циклдық-ағындық технологиясына (ЦАТ) көшу жобасының іске асырылуын жаңарту туралы қосымша келісімге қол қойылды.

ЦАТ жобасы кейін көмірді үстіңгі жүк артатын кешендерге тией отырып, «Богатырь» кесігін көмірді конвейерлік көлікпен тұрақтандыру қоймаларына жеткізудің ағындық технологиясына кезең-кезеңмен көшіруді білдіреді. Жобаны іске асырудың қажеттілігі тау-кен жұмыстарын қазу тереңдігіне қол жеткізумен байланысты, бұндай жағдайда теміржол көлігін қолдану тиімсіз болады.

Жобаны іске асыру көмірді өндіру бойынша «Богатырь» кесігінің өндірісітік қуатын жылына 32 млн. тоннадан 40-қа дейін ұлғайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға, көмір өндірудің өзіндік құнын азайтуға және көмірді тасымалдау мен түсірудегі негізгі құралдарды жаңартуға мүмкіндік береді.

2017.12.14
2018.01.12

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng