Құрметті әріптестер!
Сізді кәсіби мереке – Энергетик күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Электр энергетикасы саласының сенімді де тұрақты жұмысы – мемлекетіміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі.
Қазақстанның бүгінгі таңдағы мол жетістіктеріне «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының әрбір қызметкері ерен еңбегі мен күш-жігері арқылы өзіндік үлес қосып отыр. Кәсіби шеберліктері, білім-біліктері мен тәжірибелері, әрбір іске деген жауапкершілігі арқасында энергетиктер тұтынушыларды жылумен және жарықпен қамтамасыз етіп, ел басшылығы жүктеген міндеттерді ойдағыдай атқарып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, ырыс-береке, жаңа табыстар тілеймін!
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы
Алмасадам Сәтқалиев