Еурооблигацияларды толық өтеу туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ («Компания») 2012 жылғы 20 желтоқсандағы 500 000 000 АҚШ доллары сомасына бекітілген купондық кіріс жылдық 3,75% және өтеу мерзімі 5 жылды құрайтын халықаралық купондық облигацияларды толық және уақтылы өтеу туралы хабарлайды

Еурооблигацияларды толық өтеу туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ («Компания») 2012 жылғы 20 желтоқсандағы 500 000 000 АҚШ доллары сомасына бекітілген купондық кіріс жылдық 3,75% және өтеу мерзімі 5 жылды құрайтын халықаралық купондық облигацияларды толық және уақтылы өтеу туралы хабарлайды (ISIN XS0868359166).

Өзінің қаржылық міндеттемелерін оңтайландыру мақсатында 2017 жылдың 20 қыркүйегінде Компания осы халықаралық купондық облигациялардың 80 000 000 АҚШ доллары сомалы бөлігін мерзімінен бұрын өтеген болатын.

2017 жылғы 20 желтоқсанда Компания аталған облигациялардың 420 000 000 АҚШ доллары сомасындағы өтелмеген қалдығын толық өтеуді жүзеге асырды. Еурооблигацияларды өтеу несие портфелін әртараптандыруға және оңтайландыруға, валюталық және несие тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ Компанияның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді.

2017.12.21
2017.12.21

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng