«Самұрық-Энерго» АҚ тобы HR қызметкерлерінің стратегиялық сессиясы

Сессияда жаңа операциялық бизнес-модель мен нысаналы бизнес-процестер аясында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының персоналын басқару стратегиясының негізгі бағыттары талқыланды

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында Трансформациялау бағдарламасы аясында өзгерістердің негізгі драйвері ретінде адам капиталын дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ мен еншілес ұйымдарының персоналды басқару қызметінің қызметкерлеріне және басшыларына арналған интерактивті үйретуші стратегиялық сессия өтті.

Сессияда жаңа операциялық бизнес-модель мен нысаналы бизнес-процестер аясында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының персоналын басқару стратегиясының негізгі бағыттары талқыланды.

Персоналды басқару жөніндегі саясаттың стратегиялық бағыттарын одан әрі дамыту үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның, еншілес ұйымдарының басқарушы қызметкерлеріне, «Самұрық-Энерго» АҚ тобының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне сұхбат/сауалнама жүргізілді, халықаралық тәжірибеге шолу жасалды, электр энергетикасы нарығының, еңбек нарығының трендтері қарастырылды, Ресей, АҚШ, Еуропа және Азия елдерінің ірі энергетикалық компаниялары HR стратегияларының негізгі бағыттары таныстырылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ тобының персоналды басқару қызметінің қызметкерлерімен және басшыларымен өткізілген кездесуге ERG, E&Y, Allageum group сияқты компаниялардың сарапшылары мен бизнес-серіктестер қатысты, олар өз тәжірибелерін бөлісіп, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

2017.12.13
2017.12.14

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng