«Самұрық-Энерго» АҚ - Қазақстанның «Инновациялық компаниялар рейтингі» тобында

Алматы қаласында ХІІ Инновациялық Конгресс барысында «Қазақстан инновациялық компаниялар тобының» ондығын ресми марапаттау рәсімі өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ - Қазақстанның «Инновациялық компаниялар рейтингі» тобында

2017 жылы 28 қарашада Алматы қаласында ХІІ Инновациялық Конгресс барысында «Қазақстан инновациялық компаниялар тобының» ондығын ресми марапаттау рәсімі өтті.

Жоба инновациялық белсенділігі аса жоғары, цифрландыруға көшуге ынталы және оған қызығушылықтары жоғары жедел дамушы қазақстандық компанияларды анықтау мақсатында «Chevron» компаниясының қолдауымен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі MOST бизнес-инкубаторымен бірлесе отырып өткізілді.

Рейтинг сарапшылары ретінде UNICEF, World Bank, ҚР Инвестиция және даму министрлігі, «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялар холдингі» АҚ мен MOST бизнес-инкубатор өкілдері сөз сөйледі.

Белгіленген критерийлер бойынша көшбасшылар үштігі анықталды. Бірінші орынды «НИИЦ ERG» ЖШС (Еуразия Тобы), екінші орынды «KunTech» компаниясы иеленді, ал үшінші орында — «Самұрық-Энерго» АҚ.

Келесі орындарды «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ, «САПА» РҮТ ҒӨО» ЖШС, «Beeline Қазақстан», Tau Innovative Solutions, «ВВС Инжиниринг» ЖШС, Mercury Properties және «PolyTech Electronics» ЖШС иеленді.

Рейтинг компаниялар ұсынған статистикалық деректерді, енгізілген жобалар туралы ақпараттарды, бастамашылық тәртіпте берілген және ұйымдастырушылар жинақтаған мәліметтерді талдау арқылы 2017 жылдың ортасынан бастап анықталды. Ең жоғары баға 10,56 балды құрады, бұл қазақстандық компаниялардың инновациялық белсенділігін түсіне басттағанымызды көрсетеді.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген бағалау критерийлерінің, рейтинг тұжырымдамасы мен әдістемесінің өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

2017.11.29
2017.11.30

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng