Cockerill Maintenance et Ingénierie S.A. компаниясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

CMI Group-тың операциялық қызметі мынадай бес секторға – энергетика, қорғаныс, өнеркәсіп, қоршаған орта және сервистік қызметке шоғырландырылған

Бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы  Алмасадам Сәтқалиев пен  «Cockerill Maintenance et Ingénierie S.A.» г-н Лоран Спеде (Laurent Spede) вице-президенті Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Тараптар бу-газды қондырғылар мен жаңартылатын энергия көздері (күн энергетикасы) саласындағы жобалар бойынша заманауи технологияларды, инвестициялар мен ноу-хауларды тарту бойынша электр энергетикасы саласындағы бірлескен ынтымақтастық мақсатында күш-жігерді біріктіруге ниет білдіреді.

Бельгияның «Cockerill Maintenance et Ingénierie S.A.» компаниясы 200 жылдық тарихы бар CMI Group холдингінің бөлімшелерінің бірі болып табылады. CMI Group-тың операциялық қызметі мынадай бес секторға – энергетика, қорғаныс, өнеркәсіп, қоршаған орта және сервистік қызметке шоғырландырылған.

2017.11.22
2017.11.27

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng