Халықаралық энергия үнемдеу күні

Бүгін Халықаралық энергияны үнемдеу күніне арналған ақпараттық семинарда табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен ЖЭК-ті дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін Халықаралық энергияны үнемдеу күніне арналған ақпараттық семинарда табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен ЖЭК-ті дамыту мәселелері талқыланды.

Ақпараттық семинар министрліктердің, ұлттық компаниялардың және холдингтердің өкілдері үшін үнқатысу алаңына айналды. Кездесуге «Қазақстан Энергия аудиторларының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі бастамшылық жасады, оған «Energy Partner» ЖШС, «Kazenergy» қауымдастығы және «Атамекен» ҚР ҰКП қолдау көрсетті.

Семинар аясында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жетістіктер үшін марапаттау рәсімі өтті. Марапат алушылардың арасында – «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы диреткоры Серік Түйтебаев, «Самұрық-Энерго» АҚ бас менеджері Кенжегүл Ысқақова және холдингтің екі еншілес ұйымы: «АлЭС» АҚ мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ бар.

«Самұрық-Энерго» АҚ холдингі қоршаған ортаға тигізетін әсерді жүйелі түрде, әсіресе баламалы энергия көздерінің үлесін арттыру арқылы қысқартады. 2016 жылы көмір мен газды жақпай алған таза электр энергиясының үлесі жалпы өндірген көлемнің 15,7%-ына жетті. Табиғатты қорғау жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыру мен ЖЭК және СЭС объектілерінде электр энергиясын өндіруді арттыру есебінен 2015 жылмен салыстырғанда ластағыш заттардың меншікті шығарындылары 3%-ға қысқартылды. Күлдің меншікті шығарындылары 15%-ға азайды.

Семинарға қатысушылар энергияны үнемдеу экономикалық тұрғыдан тиімді деп санайды. Энергия ресурстарын үнемдеу шаралары тұтынушыларға осыған тең көлемдегі жаңадан алынған энергияны өндіріп, жеткізуден екі жарым-үш есе арзан. Энергия үнемдеу бойынша ең қарапайым шаралар кез келген адам үшін қолжетімді әрі тіпті жаппай қолданылуы мүмкін. Энергияны үнемдеуге көмектесетін ережелер мектеп оқушысына да белгілі, олар мыналар: жарықты өшіру, зарядтау құрылғыларын, теледидар мен басқа тұрмыстық техниканы желіде түнге қалдырмау, қызу шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру, электр шәйнектері мен кір жуу машиналарындағы қақтарды тазалау, ал әр тазалаған сайын шаңсорғыштағы шаңжинағышты босату.

2017.11.10
2017.11.27

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng