Еншілес кәсіпорындарының жылыту маусымына дайындық деңгейі туралы

Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры компанияның еншілес кәсіпорындарының жылыту маусымына дайындық деңгейі туралы хабарлады

Еншілес кәсіпорындарының жылыту маусымына дайындық деңгейі туралы

Бүгін ОКҚ брифингінде «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Түйтебаев компанияның еншілес кәсіпорындарының жылыту маусымына дайындық деңгейі туралы хабарлады.

Өтіп жатқан жөндеу науқанының аясында «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес кәсіпорындары жылыту маусымына дайындық паспорттарын алуға өтінім берді. 

2017 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық энергетикалық кәсіпорындары  2017-2018жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша іс-шаралардың дұрыс әрі толық орындалғанын тексеру үшін материалдар топтамасын белгіленген мерзімде ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне жіберді.  

Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмыстарға дайындық паспортын алу қағидасына сәйкес, құжатты алуға және растауға 1 қарашаға дейін бір ай мерзім беріледі.

13 қыркүйектен бастап «ЕГРЭС-2» АҚ  Солнечный кентін жылумен қамтамасыз етті.

1 қазаннан бастап Ақтөбе қаласында жылыту маусымы басталды. «Ақтөбе ЖЭО» АҚ қаланы жылумен қамтамасыз ету жүктемесін 97%-ға орындады.  «АлЭС» АҚ Алматы қаласына жылу беруге дайындық бойынша іс-шараларды жүзеге асырды. 

Бекітілген кестеге сәйкес, Екібастұз ГРЭС-1 энергия блогына күрделі жөндеу жүргізу жалғасуда.

2016 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының белгіленген қуаты 6 804 МВт-ты немесе ҚР БЭЖ электр станцияларының жиынтық белгіленген қуатының 31%-ын құрады. Электр энергиясын өндіру көлемі 2016 ж. 22,5 млрд. кВтс-ға жетті немесе ҚР БЭЖ-дегі электр энергиясы өндірісінің 24%-ын құрады. «Самұрық-Энерго» АҚ тобы кәсіпорындарының жылу энергиясын жиынтық босату мөлшері 6,8 млн. Гкал.-дан артық.

2017.10.04
2017.11.15

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng