Ta'y'elsіz di'rektor Hoaki'n Gali'ndo Velez Ekіbastuz 1-MAES stantsi'i'asynda

Тәуелсіз директор Хоакин Галиндо Велез Екібастұз 1-МАЭС станциясында

2017 jyldyn' 25 qazany ku'nі Ekіbastuz 1-MAES stantsi'i'asyna ta'y'elsіz di'rektor, «Samuryq Energo» AQ Di'rektorlar Ken'esіnіn' mu's'esі Hoaki'n Gali'ndo Velez resmi' saparmen keldі.

Mei'mandy ortalyq basqary' qalqanyna (OBQ) elektr energi'i'asyn o'ndіry' protsessіmen tanystyrdy. Gali'ndo myrzany 1kVt elektr energi'i'asyna jumsalatyn u'lestіk s'yg'yndar, energobloktardyn' jumys reji'mderі, ju'ktemenіn' di'spetc'erlіk kestesі qalai's'a saqtalyp otyratyny, qy'attylyq bery'dіn' syzbasy men elektr stantsi'i'asynyn' qyzmetіmen bai'lanysty bolatyn basqa da tehni'kalyq ma'seleler qyzyqtyrdy.

Sodan kei'іn bas di'rektordyn' o'zіmen bіrge mei'mandar bloktyq basqary' qalqanyna (BBQ-1) baryp, 1-MAES stantsi'i'asy «Samuryq-Energo» AQ tobyna qosylg'annan kei'іn i'nvesti'tsi'i'alyq jobalardyn' іske asyryly'y ty'raly prezentatsi'i'any qarady. Ty'rbi'na tsehynda №1 ja'ne 2 energobloktarynyn' jabdyqtaryn ja'ne de qalpyna keltіry' jumystarynyn' barysymenko'rіp-tanysty.

Mei'man hi'msy'dai'arlay' (HSD) tsehyna barg'an kezіnde, o'tkіzіlgen jan'arty' іsіnіn' man'yzdylyg'yn, sonyn' arqasynda dai'yndalg'an sy'dyn' sapasy by' ty'rbi'nalarynyn' jumysyndag'y senіmdіlіktі qamtamasyz etetіndіgіn ai'tty.

Ta'y'elsіz di'rektor qyzyqtyratyn suraqtarg'a berіlgen tolyq jay'aptar aldy: o'ndіrіstі jan'arty'g'a ketken i'nvesti'tsi'i'alar ko'lemіnen bastap tehni'kalyq ma'selelerge dei'іn, a'rі stantsi'i'anyn' a'ley'mettіk paketіne dei'іn surag'an bolatyn. Hoaki'n myrza ka'sіporynda kezdesken jumyskerlerge tіkelei' say'al qoi'yp otyrdy.

Kezdesy'dіn' qorytyndylary boi'yns'a, mei'man ka'sіporynnyn' jog'ary tehni'kalyq den'gei'іn, Qazaqstandag'y elektr energi'i'asyn negіzgі jetkіzy's'і retіndegі stantsi'i'anyn' man'yzyn, personaldyn' jog'ary bіlіktіlіgіn, ka'sіporyndy odan a'rі damyty'dyn' perspekti'valary men mu'mkіndіkterіn ai'ta kettі.


Hoaki'n Gali'ndo Velez (Joaquin Galindo Velez)

2017 jyldyn' qan'tar ai'ynda ta'y'elsіz di'rektor a'rі «Samuryq-Energo» AQ-n' Di'rektorlar ken'esіnіn' mu's'esі bolyp sai'landy. 1957 jyly I'spani'i'anyn' Kadi's qalasynda ty'g'an, mamandyg'y – o'nerka'sіptіk i'njener, I'tali'i'anyn', Frantsi'i'anyn' ja'ne C'i'li'degі energeti'kalyq kompani'i'alarda jumys atqarg'an en'bek ta'jіri'besі mol.


2017 жылдың 25 қазаны күні Екібастұз 1-МАЭС станциясына тәуелсіз директор, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі Хоакин Галиндо Велез ресми сапармен келді.

Мейманды орталық басқару қалқанына (ОБҚ) электр энергиясын өндіру процессімен таныстырды. Галиндо мырзаны 1кВт электр энергиясына жұмсалатын үлестік шығындар, энергоблоктардың жұмыс режимдері, жүктеменің диспетчерлік кестесі қалайша сақталып отыратыны, қуаттылық берудің сызбасы мен электр станциясының қызметімен байланысты болатын басқа да техникалық мәселелер қызықтырды.

Содан кейін бас директордың өзімен бірге меймандар блоктық басқару қалқанына (ББҚ-1) барып, 1-МАЭС станциясы «Самұрық-Энерго» АҚ тобына қосылғаннан кейін инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы презентацияны қарады. Турбина цехында №1 және 2 энергоблоктарының жабдықтарын және де қалпына келтіру жұмыстарының барысыменкөріп-танысты.

Мейман химсудаярлау (ХСД) цехына барған кезінде, өткізілген жаңарту ісінің маңыздылығын, соның арқасында дайындалған судың сапасы бу турбиналарының жұмысындағы сенімділікті қамтамасыз ететіндігін айтты.

Тәуелсіз директор қызықтыратын сұрақтарға берілген толық жауаптар алды: өндірісті жаңартуға кеткен инвестициялар көлемінен бастап техникалық мәселелерге дейін, әрі станцияның әлеуметтік пакетіне дейін сұраған болатын. Хоакин мырза кәсіпорында кездескен жұмыскерлерге тікелей сауал қойып отырды.

Кездесудің қорытындылары бойынша, мейман кәсіпорынның жоғары техникалық деңгейін, Қазақстандағы электр энергиясын негізгі жеткізуші ретіндегі станцияның маңызын, персоналдың жоғары біліктілігін, кәсіпорынды одан әрі дамытудың перспективалары мен мүмкіндіктерін айта кетті.


Хоакин Галиндо Велез (Joaquin Galindo Velez)

2017 жылдың қаңтар айында тәуелсіз директор әрі «Самұрық-Энерго» АҚ-ң Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 1957 жылы Испанияның Кадис қаласында туған, мамандығы – өнеркәсіптік инженер, Италияның, Францияның және Чилидегі энергетикалық компанияларда жұмыс атқарған еңбек тәжірибесі мол.

2017.11.03
2017.11.03

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng