Екібастұз 1-МАЭС-те жазатайым уақиғаларсыз 1000 күн

Жарақаттану оқиғаларының төмендеуі – еңбекті қорғау және қауіпсіздігі саласындағы жоспарлы жұмыстың нәтижесі болып табылады

2017 жылдың 27 қазанында «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нде жазатайым уақиғаларсыз 1000 күн мәресіне қол жеткізілді. Жарақаттану оқиғаларының төмендеуі – еңбекті қорғау және қауіпсіздігі саласындағы жоспарлы жұмыстың нәтижесі болып табылады.

- Станцияда соңғы жазатайым уақиға  2015 жылдың 27 қаңтарында тіркелді. Оған талдау жасай отырып, біз егер қызметкерлер арқылы жеке қауіпсіздік шаралары сақталса және жанындағы әріптестері бір-біріне жауапкершіліктерін сезінсе бұндай жағдайдың алдын алуға болатындығына көз жеткіздік. Сонда барлығымыз бізге ұжымдық өндірістік жауапкершілікті енгізу қажет деп шештік» - деп Екібастұз 1-МАЭС бас директоры Рысқан Свамбаев атап өтті.

Барлық өндірістік қызметкерлер құрамын еңбек шарттарын, өндірістің қауіпсіздігін бақылауды, жұмыс орындарында көп деңгейлі бақылауды жүзеге асыруды және қызметкерлерді оқытуды жақсартуға бағытталған жұмыстарға тарту жазатайым уақиғаларсыз 1000 күн – жоғары нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Осы кезеңнің ішінде «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-де ірі инвестициялық жобалар іске асырылды – «ОРУ-500 кеңейту және модернизациялау», «Отын беруді реконструкциялау және модернизациялау». Екібастұз 1-МАЭС 1000 күннің ішіндегі электр энергиясын өндіруі сағатына 30 млрд. кВттан асып кетті.                        

Кәсіпорында өндірістік қауіпсіздікті, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби аурулардың профилактикасын, жарақаттаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі мен тәсілдерін және т.б. арттыруға бағытталған 48 стандарт әзірленді, енгізілді және сәтті қолданылуда. «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-де ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 және ISO 50001 халықаралық стандарттарының сертификаттары сәтті расталған.

2016 жылдың наурызында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік инспекция арқылы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не ҚР Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес кәсіпорын ретінде сенім сертифакты берілді. Қызметкерлердің штаты 1404 адамды құрайды, соның ішінде өндірістік құрам – 1281 адам.   

2017.10.27
2017.10.27

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng