«АлЭС» АҚ: энергокөздерін 2017-2018 жж. жылу беру маусымына дайындау

Алдымыздағы жылу беру маусымына дайындалу мақсатында «АлЭС» АҚ келесі техникалық шараларды орындау белгіленген

«АлЭС» АҚ: энергокөздерін 2017-2018 жж. жылу беру маусымына дайындау

Алдымыздағы жылу беру маусымына  дайындалу мақсатында «АлЭС» АҚ келесі техникалық шараларды орындау  белгіленген:

  • энергетикалық жабдыққа жоспарлы жөндеу жүргізу;
  • қазан агрегаттары үшін қажетті отын қорын қамтамасыз ету.

Жүйелік оператор «KEGOK» АҚ келісімделген жөндеу кестесі әзірленді. Бекітілген кестеге сәйкес 2017 жылы «АлЭС» АҚ  1-ЖЭО, 2-ЖЭО,  3-

ЖЭО, Батыс жылу кешені (БЖК), Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС  энергокөздерінде негізгі жабдықтың 69 бірлігін, соның ішінде:  энергетикалық қазан  - 20 бірлік, турбоагрегат  - 13 бірлік, су жылыту қазандары  – 19 бірлік, гидроагрегат  – 17 бірлік жөндеуден өтуі  қажет.

 «Энергожабдықты жөндеуге шамамен 4 млрд. теңге жұмсау жоспарланған. 25.09.2017ж.  сәйкес «АлЭС»  АҚ материалдар мен қосалқы бөлшектер жеткізу, қызмет  көрсету,  жұмыс  орындау жөнінде  шарттар жасалды,   сонымен бірге жабдықтың  59 бірлігі немесе 86 % жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта негізгі және қосалқы жабдықтың 6 бірлігі, немесе жабдықтың жалпы санының 9% жөнделуде» - деп, атап көрсетті «АлЭС» АҚ  Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары – Бас инженер Ғазий Исмухамбетов.

Отынның қажетті қорын қамтамасыз ету мақсатында 2017ж. 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО және  БЖК -ға отын жеткізу жөніндегі  шарттар жасалды. Нормативті қор қамтамасыз етілді.


Анықтама: «Алматы электр станциялары» АҚ   «Самұрық – Энерго» АҚ құрамында. Алматы электр станциялары Алматы қ. және Алматы өңіріндегі негізгі энергия көзі болып табылады,  орталықтандырылған жылыту аймағының шамамен 76% жылумен және 70% электр энергиясымен қамтамасыз етеді. 

«АлЭС» АҚ энергокешенінің құрамында: 1-ЖЭО, 2-О, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай  ГЭС, Каскад Алматы ГЭС, «Энергожөндеу» өндірістік  - жөндеу кәсіпорны, ОҚТО бар.

2017.09.26
2017.09.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng