«ШҚ АЭК» АҚ-ны және «Маңғыстау ЭБК» АҚ-ны сату туралы қайталама конкурстар өтті деп танылды

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы құрамында «Шығысэнерготрейд» ЖШС бар «ШҚ АЭК» АҚ-ның 100% акциясын және «Маңғыстау ЭБК» АҚ-ның 78,64% акциясын сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурстарының қорытындысын шығарды

«ШҚ АЭК» АҚ-ны және «Маңғыстау ЭБК» АҚ-ны сату туралы қайталама конкурстар өтті деп танылды

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы құрамында «Шығысэнерготрейд» ЖШС бар «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компания» АҚ-ның 100% акциясын және «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның 78,64% акциясын сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурстарының қорытындысын шығарды. 

- «Конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары бастапқыда жариялаған құннан орташа алғанда 10%-ға артық болды", – деп хабарлады «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Қайрат Мақсұтов.

Тараптар корпоративтік рұқсаттар мен мемлекеттік органдардың келісімдерін алғаннан кейін мәміле жасауға кіріседі. Электртораптық компанияларды сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурстар ү.ж. шілде айында өтті.

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның 100% акциясын сату туралы мәмілені жабу бойынша рәсім өткізеді, оны ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

«ШҚ АЭК» АҚ – Қазақстанның ірі аймақтық энергия жеткізетін кәсіпорындарының бірі болып табылады. Желілердің ұзындығы – 34,5 мың км-ден артық. Қызмет көрсететін аймақтың ауданы – 283 мың шаршы км, абоненттердің саны – шамамен 500 мың.

«МЭБК» АҚ Маңғыстау облысында электр энергиясын жеткізу және бөлу бойынша табиғи монополияның ірі субъектісі болып табылады. Кәсіпорынның балансында 6 мың км-ден аса электр жеткізу желілері және жиынтық қуаты 1974,5 МВА болып табылатын, 57 қосалқы станция бар. Ақтау қаласын есептемегенде, «МЭБК» АҚ-ның Маңғыстау облысындағы электр энергиясын жеткізу мен бөлу нарығындағы үлесі 100%-ды құрайды. Негізгі тұтынушылар - мұнай-газ саласының кәсіпорындары.

2017.09.19
2017.09.20

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng