Павлодар облысының әкімдігімен жасалған Ынтымақтастық туралы меморандум

14 қыркүйекте Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Павлодар облысының әкімдігімен жасалған Ынтымақтастық туралы меморандум

14 қыркүйекте Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат екі тараптың стратегиялық серіктестігін және Самұрық-Энерго компаниялар тобының өндірістік қуаттарды жаңғырту мен кеңейту жөніндегі жобаларын іске асыруға әкімдік тарапынан көмек көрсетуді көздейді. 

Келісім Қазақстанның электр энергиясына және электр қуатына мұқтаждығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруға, экспорт әлеуетін арттыруға, көмір өндіруді дамытуға, сондай-ақ күл-қож материалдарын өткізу мен қайта өңдеуге бағытталған.

 «Самұрық-Энерго» АҚ тобының бірнеше кәсіпорыны Павлодар облысының аумағында өз қызметін жүзеге асырады, олардың арасында қала құраушы Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2 станциялары мен «Богатырь Көмір» ЖШС бар.

«Самұрық-Энерго» АҚ өңірдегі ірі жұмыс берушінің мүддесін таныта отырып, әлеуметтік-еңбек қатынастарын, мамандарды даярлау саласындағы серіктестікті қолдайды.

2017.09.15
2017.09.15

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng