Самұрық-Энерго Мемлекет басшысына «Цифрлық электр станциясының» болашақ жобасын таныстырды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Цифрлық электр станциясы» жобасын ұсынды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Цифрлық электр станциясы» жобасын ұсынды.

satkaliev 2017 09 13

«Самұрық-Энерго» АҚ General Electric компаниясымен бірлесіп өндірістің жаңғыртуын және жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, өнеркәсіптік автоматтандыру, мониторинг жасау және диагностика жүргізу жүйелерін ендіруді болжайтын Цифрлық трансформациялау бағдарламасын әзірлеуде.

Цифрлық жүйелерді пайдалану бойынша жинақтаған тәжірибе шығындарды азайтуды (25%-ға дейін), еңбек өнімділігін арттыруды (25%-ға дейін), зиянды заттардың шығарындылар көлемін азайтуды (СО2 бойынша 3%, NOx бойынша 10%) қамтамасыз ететін болады.

Электр энергетикасы секторындағы цифрландыру бағдарламасын іске асыру операциялық тиімділікті арттыруға, компанияның табыстылығы мен құнын арттыруға мүмкіндік береді.

2017.09.13
2017.09.19

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng