«Самұрық-Қазына» АҚ 2017 V мерейтойлық спартакиадасының қорытындылары

2017 жылдың спорттық оқиғалары «Самұрық-Қазына» қорының барлық портфельдік компанияларының басын біріктірді, олардың қатарында «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның Қазақстанның барлық өңірлерінде орналасқан еншілес компаниялары да бар

Бір команда – бір мақсат! «Самұрық-Қазына» АҚ 2017 V мерекелік Спартакиадасының жарыстары осы ұранмен өтті. 2017 жылдың спорттық оқиғалары «Самұрық-Қазына» қорының барлық портфельдік компанияларының басын біріктірді, олардың қатарында «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның Қазақстанның барлық өңірлерінде орналасқан еншілес компаниялары да бар.

Самұрық-Энерго компаниясы тобының қызметкерлері айрықша нәтижелер көрсетті. Жеке біріншілікте 100 адам және спорттың командалық  түрлері бойынша 50 адамнан астам адам лидерлік ұстанымдарын қорғады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар ұсынған жарыстың жаңа форматы мен қамту ауқымдылығын атап өтуге болады. Осы жылы жалпыкомандалық есептеу жүргізілмеді. Конкурстар мен сыйлықтардың мол болуы – басты спорт оқиғасына қатысушы-спортшыларды ғана емес, сонымен қатар көрермендер мен жанкүйерлерді де ынталандырды. Жарыстар тізіміне стритбол және виртуалды кеңістіктегі жарыс – киберспорт секілді спорттың жаңа түрлерінің енгізілуі айтулы, жарқын оқиға болды. Алтынды иеленген жүлдегерлер үшін басты жүлде тұңғыш рет Италияға УЕФА Чемпиондар Лигасына жолдама болды.

Астана қаласында 7, 8 және 9 қыркүйек кезеңінде өткен суперфиналдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы кәсіпорындарының атынан қатысқан 7 қызметкер жүлделі орындарға ие болды, олардың ішінде:

Ерлер арасындағы шахмат:

  • Еркін Құрманбаев (Богатырь Көмір ЖШС) – II орын

Әйелдер арасындағы шахмат:

  • Динара Көбегенова («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ) – III орын

Волейбол:

  • «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ - III орын

Киберспорт:

  • Богатырь Көмір ЖШС - II орын

Армрестлинг:

80 кг дейінгі ерлер

  • Әлішер Қажмұқанов («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ)  – III орын

65 кг дейінгі әйелдер:

  • Мәрия Коржынқұлова («Екібастұз ГРЭС-2») – III орын

65 кг жоғары әйелдер:

  • Суханова Инесса (Богатырь Көмір ЖШС) – II орын
  • Индира Байжанова («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ)  – I орын

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев марапаттау рәсімінде жеңімпаздарды құттықтап, жеңіске деген ерік-жігердің спорт алаңында да, өндірісте де жаңа биіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Біз Спартакиада қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз. Италияға УЕФА Чемпиондар Лигасына баратын алтын жүлдегерлер тобында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ контролері Индира Байжанова да бар.

2017.09.11
2017.09.12

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng