«Богатырь» кеншілерінің қос мерекесі

Тамыздың соңғы жексенбісінде аталып өтетін Шахтер Күні кәсіби мерекесінің қарсаңында «Богатырь Көмір» бірлескен қазақстан – ресей көмір шығарушы компаниясында серіктестіктің ең үздік жұмыскерлеріне құрмет көрсетілді

Тамыздың соңғы жексенбісінде аталып өтетін Шахтер Күні кәсіби мерекесінің қарсаңында «Богатырь Көмір» бірлескен қазақстан – ресей көмір шығарушы компаниясында серіктестіктің ең үздік жұмыскерлеріне құрмет көрсетілді.

Еліміздің кеншілеріне биылғы жыл аса ерекше жыл болды, тура 70 жыл бұрын Шахтер Күні мерекесі алғаш рет бекітілген болатын. Сол уақыттан бастап бұл мәртебелі де батыл кәсіптің өкілдері тамыздың соңғы жексенбісінде осы мерекені атап өтуді дәстүрге айналдырды.

Мерейтойлық күнге арналған салтанатты жиналыс өткен жұмада «Богатырь Көмір» компаниясында өтті. Мерекелік іс-шараға қатысқандар: «Богатырь Көмір» ЖШС-нің директоры Серік Раипов, Forum Muider B.V. директорлар Кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның активтерін басқару және өндіру жөніндегі басқарушы директор Алексей Репин,  Forum Muider B.V. директорлар Кеңесінің мүшесі Серік Тютебаев, «РУСАЛ» ОК департаментінің директоры Юрий Трещев, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары – қаржы директоры Николай Корсаков, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Сергей Платонов, «Богатырь Көмір» кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайролла Тұратаев.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Серік Раипов компанияның еңбек ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады:

- Құрметті кеншілер! Бірінші жартыжылдықтағы акционерлердің оң бағасына ие болған біздің кәсіпорынның жұмыс нәтижесі біздің алға қойған жоспарларға жететінімізге сенімділік білдіреді. Осы тамаша мереке күні сіздерге шын жүректен амандық, үй-іштеріңізге жайлылық пен жылулық, жаңа еңбек белестеріне жете берулеріңізді тілеймін.  

 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының төрағасы Алмасадам Сатқалиев атынан мерекег қатысушыларды Forum Muider B.V. директорлар Кеңесінің мүшесі Алексей Репин құттықтады.

«Богатырь Көмір» кеншілеріне бұл күні мерекенің басқа қонақтары жақсылық пен амандық тіледі. Мерекелік жиналыс өндіріс озаттары мен серіктестіктің  ең үздік жұмыскерлеріне қажырлы еңбек белгілерін ұсынумен жалғастырылды. 

 І дәрежелі «Шахтёр даңқы» Құрмет белгісімен, І дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен, «Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері», «Компанияның үздік жұмыскері» атақтарымен, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Құрмет грамотасымен, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның,  «KAZENERGY» Ассоциациасының, Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 80 аса еңбекшілері марапатталды.

Шахтер Күнінің 70 жылдығына арналған мерекелік жиналыс компанияның көркемөнерпаздарының әртістерімен дайындалған мерекелік концертпен аяқталды.

Анықтама үшін

 «Богатырь Көмір» компаниясы көмірді ашық тәсілмен шығару бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Самұрық-Қазына» қазақстандық әл-ауқат қоры мен «РУСАЛ» ресейлік Бірлескен Компаниясымен  біріккен кәсіпорын болып табылады.  Бүгін «Богатырь Көмір» ЖШС-нің үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмірдің 60 пайызы және Қазақстан Республикасында шығарылатын көмірдің жалпы көлемінің 40 пайызы енеді. «Богатырь Көмір» ЖШС көмірді ашық тәсілмен шығару бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорын, оның баланстық қоры 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндірістік күші жылына 42 млн.тоннаны құрайды, оның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша – 32 миллион тонна, «Северный» кеніші бойынша – 10 миллион тонна.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

Байланыс телефондары: 8 (7187) 223657, 223757.

2017.08.25
2017.08.29

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng