«Шығысэнерготрейд» ЖШС «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС-не электр энергиясының берілуіне шектеу енгізеді

Тұтынылған электр энергиясы үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдында дебиторлық берешектің өсуіне байланысты, энергиямен жабдықтаушы ұйым «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС-ін электр энергиясының берілуіне шектеу енгізілетіні туралы хабарландырды

«Шығысэнерготрейд» ЖШС «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС-не электр энергиясының берілуіне шектеу енгізеді

Тұтынылған электр энергиясы үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдында дебиторлық берешектің өсуіне байланысты, энергиямен жабдықтаушы ұйым «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС-ін электр энергиясының берілуіне шектеу енгізілетіні туралы хабарландырды. 

Энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын қасақана төлемеушілермен жұмыс жүргізуде, оның ішінде тұрғындар мен облыстың ірі ұйымдары бар. Өңірдің атқарушы билігімен бірігіп атқарған жұмыстың және жыл ішінде дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асырудың арқасында «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің шығыны мен дебиторлық берешегі айтарлықтай азайды.  

Бірақ, энергиямен жабдықтаушы ұйымның қызметі тарифтің жеткіліксіздігіне және жосықсыз тұтынушылардың дебиторлық берешектерінің өсуіне байланысты залалды болып отыр. 

Соның ішінде 2016 жылдан бастап электр энергиясы үшін төлем бойынша міндеттемелерін жүйелі түрде орындамайтын «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС бар. 2017 жылдың 1 тамызындағы жай-күйі бойынша Өскемен трамвай паркінің берешегі 62 млн. теңгені құрайды. 

«Шығысэнерготрейд» ЖШС, ҚР заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып, борышкерден 59 млн. теңгені өндіріп алу жөнінде сотқа талап қойды, бұдан кейін де төлемеген жағдайда трамвай            паркінің нысандары бойынша электр энергиясына шектеу енгізу жөнінде хабарлама жіберуге мәжбүр.    

«Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС-ін электр энергиясынан шектеу Өскемен қаласы бойынша трамвай қатынасының үзілуіне әкелуі мүмкін. Ал ары қарай борышкердің электр энергиясын тұтынуы қарыздың артуына әкеліп соғады, бұл өз кезегінде, «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің энергия өндіруші және энергия жеткізуші компаниялардың алдында кредиторлық берешегінің өсуіне және олардың тарапынан бүкіл облыс бойынша электр энергиясына шектеу енгізілуіне әкеліп соғады.  

Тұрғындар үшін теріс әсерінің алдын алу мақсатында, «Шығысэнерготрейд» ЖШС Өскемен қаласының әкімдігін және ТЖ жөніндегі департаментін «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС мекенжайына шектеу енгізілетіні туралы уақтылы хабарландырды. 


«Шығысэнерготрейд» ЖШС 9.07.2004 ж. № 588- II «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 25 бабына сәйкес 2004 ж. 28 қыркүйекте құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 17233-1917-ТОО ШҚО Әділет департаментімен 28.09.2004 ж. берілді) және «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады, оның 100 % акциясы «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Қазақстандағы электр энергетикалық активтерін басқару жөніндегі холдингке тиесілі. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысында 500 000-нан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде 21 000-нан астамы – заңды тұлғалар. Қосымша ақпарат алу үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС жұртшылықпен байланыс  жөніндегі топтың мамандарына хабарласыңыздар:  Татьяна Павлова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6968) , ұялы тел.: + 7 701 921 70 32;  

2017.08.14
2017.08.16

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng