ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі «Самұрық-Энерго» АҚ павильонына қойылған кәдесый өнімін мүмкіндіктері шектеулі адамдар жасаған

«Самұрық-Энерго» АҚ павильонына келушілер ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінен естелік ретінде саз балшықтан жасалып, магнитке орнатылған кәдесыйларды сыйға алады. Электр энергетикалық экспостендті ұйымдастырушылар естелік сыйлықтардың бірегей әрі айрықша дайындалғанын атап көрсетуде.    

Біріншіден, олар Қазақстанда жасалған. Екіншіден, олар қолдан дайындалған, hand made деп аталады. Үшіншіден, оларды мүмкіндіктері шектеулі адамдар әзірлеген. Қазақстандағы түрлі мүгедектер қоғамы ұсыныстар мен жасалған келісімшарттардың көптігіне мақтана алады деп айта аламыз ба? Сондықтан миллион теңгеге жасалған шарт – олардың жинағына қосылған елеулі үлес.

Жоба «Эльдами» қоғамымен және www.invamade.kz интернет-дүкенімен бірлесіп іске асырылды. Интернет-дүкеннің басшысы Айжан Халилова қыштан жасалған мың бұйымды балалар сал ауруы диагнозы қойылған 22-37 жас аралығындағы он алматылықтың жасағанын айтады.   

«Ұйымдастырушылар үшін, балалардың өздері үшін кез келген жоба – қашан да үлкен қуаныш. Біз тоқымамен, ағашпен, саз балшықпен жұмыс істейміз. Ал ЭКСПО көрмесіне байланысты бұл жоба біздің бәрімізді де шабыттандырды. Өйткені бұл миниатюралар тарихымыздың бір бөлшегіне айналады. Айтпақшы, «Самұрық-Энерго» АҚ  - көрме аясында бізге өтініш жасаған бірден-бір компания».

«Самұрық-Энерго» АҚ 1-қабатта орналасқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі өз павильонына шақырады. 

2017.08.03
2017.08.08

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng