«Самұрық-Энерго» АҚ –да еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне баса көңіл бөлінеді

«Самұрық-Энерго» АҚ Стратегия және сату жөніндегі басқарушы директоры Қаныш Молдабаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Компания тобы бойынша еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

«Самұрық-Энерго» АҚ Стратегия және сату жөніндегі басқарушы директоры Қаныш Молдабаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Компания тобы бойынша еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) басшылары өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйі мен алдағы жартыжылдыққа белгіленген міндеттер туралы ақпарат берді.

 «Еңбекті және Қоршаған Ортаны Қорғау» департаментінің директоры Сәкен Қожабеков өзінің баяндамасында «Богатырь Көмір» ЖШС мен «Маңғыстау ЭБК» АҚ-да өндірістік жарақаттылықтың өскенін атап өтті. Жүргізілген тексерістер барысында жазатайым оқиғалардың орын алу себептері анықталды. Әдетте, бұл – еңбек және өндіріс тәртібін сақтамау, сондай-ақ төменгі және орта буын басшыларының тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болуы.

Басқарушы директор Қаныш Молдабаев жазатайым оқиғалардың алдын алу ретінде ЕТҰ құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазатайым оқиғаларға тап болатын қарамағындағы жұмысшылары үшін, сонымен бірге жазатайым оқиғаларды жасырғаны үшін жауапкершіліктерін қарастыруды ұсынды.  Кеңес қорытындысы бойынша еңбекті қорғауды басқару жүйесі жұмысының тиімділігін күшейту және қамтамасыз ету тапсырылды.

2017.08.02
2017.08.08

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng