2017 жылғы 1 тамыздан бастап Жезкент пен Усть-Таловка ауылдарының тұрғындарының бір бөлігі энергиямен жабдықтау үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС-не ауысады

«Шығысэнерготрейд» ЖШС Бородулиха ауданының Жезкент және Шемонаиха ауданының Усть-Таловка ауылдарының тұрғындарымен электрмен жабдықтау келісім-шарттарын жасасу жұмыстарын атқаруда

2017 жылғы 1 тамыздан бастап Жезкент пен Усть-Таловка ауылдарының тұрғындарының бір бөлігі энергиямен жабдықтау үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС-не ауысады

«Шығысэнерготрейд» ЖШС Бородулиха ауданының Жезкент және Шемонаиха ауданының Усть-Таловка ауылдарының тұрғындарымен  электрмен жабдықтау келісім-шарттарын жасасу жұмыстарын атқаруда.

Бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі ережелерін[1] басшылыққа алып, «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС қызметін тоқтатуына байланысты, «Шығысэнерготрейд» ЖШС Жезкент және Усть-Таловка ауылдарының тұтынушыларын кепілдікті үздіксіз энергиямен жабдықтау бойынша міндеттемелерді өзіне алды.     

«Шығысэнерготрейд» ЖШС, Шығыс Қазақстандағы электр энергиясын кепілдік жеткізуші ретінде, Жезкент және Усть-Таловка ауылдарының тұрғындарын энергиямен жабдықтауда кідіріс болуына жол бере алмады, сондықтан біз қазір жаңа тұтынушыларды қабылдау үшін жұмыс жасап жатырмыз, - деді бас директордың даму жөніндегі орынбасары Назым Олешкевич.   

Қазіргі таңда «Шығысэнерготрейд» ЖШС, «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС және «Восток-Энерго» ЖШС есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алып, «Шығысэнерготрейд» ЖШС-не келісім-шарт жасасу туралы өтінішпен келген тұтынушыларды қабылдау-беру актісін жасауда.    

«Шығысэнерготрейд» ЖШС-мен келісім-шарт жасасу үшін өтініш берген тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифпен дәл есептеуі үшін әрбір мекенжай бойынша тіркелген адамдар санын көрсетулері керек.  Әрбір тұтынушы ай сайын «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нен электр энергиясының нақты тұтынылуын растайтын шот алады.  

2017 жылғы 1 тамыздан бастап «Шығысэнерготрейд» ЖШС-мен келісім-шарт жасасқан Жезкент пен Усть-Таловка ауылдарының тұрғындары бүкіл Шығыс Қазақстан облысы аумағында әрекет ететін тарифтер бойынша тұтынылған электр энергиясын төлейді. Сонымен қатар жаңа тұтынушылар үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС-мен ұсынылатын барлық сервистер мен қызметтер қолжетімді.   

Тұтынушылар барлық қажетті ақпаратты Байланыс орталығынан  8 (72351) 69-900 (Жезкент), 8 (7233)26 99 04 (Усть-Таловка) немесе «Шығысэнерготрейд» ЖШС http://www.shygys.kz сайтынан біле алады.


[1] Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 20.02.2015 жылғы № 111 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету ережелері   

2017.08.01
2017.08.01

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng