Энергетика саласының қызметкерлері ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтады

Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойының құрметіне «Шығысэнерготрейд» ЖШС абоненті болып табылатын әрбір ардагер сыйға 600 кВт*с алады

Энергетика саласының қызметкерлері ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтады

Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойының құрметіне «Шығысэнерготрейд» ЖШС абоненті болып табылатын әрбір ардагер сыйға 600 кВт*с алады. 

Үш ай көлемінде: сәуір, мамыр, маусым айларында – Қазақстандағы AES компаниясының тобы ардагерлердің жеке шоттарына 2 500 теңгеден аударып отырады. 

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында 390-ға жуық Ұлы Отан Соғысының ардагерлері тұрады. Оның ішіне соғысқа қатысқандар мен мүгедектер, блокадалық Ленинградтың бұрынғы тұрғындары, концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары мен Ұлы Отан соғысы майданында қаза болған жауынгерлердің жесірлері кіреді. 

Акция шарттары бойынша, электр энергиясы үшін шоттар олардың туыстарымен немесе жеке тұратындарына қарамастан барлық соғыс ардагерлеріне төленеді. 

2017 жылдың сәуір – маусым аралығында Ұлы Отан Соғысының ардагерлері алатын хабарлама-шоттарда «Қазақстандағы AES компаниясының тобымен төленді» деген белгі болады.

2017.05.09
2017.07.31

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng