«Самұрық-Энерго» АҚ басшысының Малайзияның Tenaga Nasional Berhad компаниясының делегациясымен кездесуі өтті

Tenaga Nasional Berhad делегациясына «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметі мен негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат ұсынылды

«Самұрық-Энерго» АҚ басшысының Малайзияның Tenaga Nasional Berhad компаниясының делегациясымен кездесуі өтті

Бүгін Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Самұрық-Энерго» АҚ-да Малайзияның Tenaga Nasional Berhad компаниясының делегациясымен кездесті, оны компанияның корпоративтік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Датук Вира Рослан Аб Рахман бастап келді.

Tenaga Nasional Berhad делегациясына «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметі мен негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат ұсынылды. Басқарма Төрағасы қонақтарды жекешелендіруге жоспарланған перспективті инвестициялық жобалармен және активтермен таныстырды.

Tenaga Nasional Berhad корпоративтік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Датук Вира Рослан Аб Рахман компанияның жаңғырту, ЖЭК-ті дамыту саласындағы тәжірибесі туралы әңгімелеп, ынтымақтастықтың мүмкін болатын бағыттарын белгіледі.

Тараптар ұсынылған материалдар бойынша пікір алмасып, өзара тиімді негізде әлеуетті ынтымақтастыққа мүдделілік танытты. 

Tenaga Nasional Berhad Малайзияның электр энергиясын өндіруге, таратуға және жеткізуге жауапты аса ірі электр энергетикалық компаниясы болып табылады.

2017.04.21
2017.07.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng