Қазақстан-Корей Іскерлік кеңесінің VI-отырысы өтті

20 шілдеде Астана қаласында мемлекеттер арасында іскерлік қатынастарды нығайтуға және бизнес-қоғамдастықтар арасында тікелей байланыстарды орнатуға бағытталған Қазақстан-Корей Іскерлік кеңесінің VI-отырысы өтті

20 шілдеде Астана қаласында мемлекеттер арасында іскерлік қатынастарды нығайтуға және бизнес-қоғамдастықтар арасында тікелей байланыстарды орнатуға бағытталған Қазақстан-Корей Іскерлік кеңесінің VI отырысы өтті.

Корей Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі Ким Дэ Сик және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров отырысқа қатысушылар алдында кіріспе сөз сөйледі.

Іскерлік кеңестің тең төрағалары - Қазақстан тарапынан «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және корей тарапынан «Kolon World Investment» Президенті Шин Сан-Хо мырза отырысты ашты.

Панельдік сессиялар барысында бизнес-құрылымдардың өкілдері Қазақстанның инвестициялық ахуалымен, баламалы энергия көздерін қолдау жүйесімен және бірлескен жобаларды дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларымен танысты. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін және түрлі салаларда жаңа жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

«Kazakh Invest» АҚ-ның, KPPF («Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымының) өкілдері инвесторларды қолдау жөніндегі шаралар, ұсынылатын жеңілдіктер және Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі шаралар туралы айтты. Корей тарапы өз кезегінде жүк тасымалдау және IT-технологиялар саласындағы түрлі шешімдермен таныстырды.

«Жаңартылатын энергия» панельдік сессия барысында қатысушылар секторлы дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікірлерін айтты. Мысалы, тежеуші факторлардың қатарына шығарындыларға үлестемелер сатуды монополиялау жатқызылды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бөлек бейінді министрлікті құру және ЭЫДҰ-мен заңнамалық базаны синхрондау қажеттігі туралы ұсыныс білдірілді. ЭЫДҰ-ның стандарттарына жақындау Қазақстанның 30 үздік елдің қатарына кіруге ықпал етеді.

«Жасыл академия» ҒБО-ның басшысы Бақыт Есекина «Қазақстан Республикасының жаһандандыру жағдайында төмен көміртекті дамуға көшу стартегиясы: әлеуеті, басымдықтары және іске асыру тетіктері» ұжымдық монографиясында айтылатын Париждік климаттық келісімді іске асыру шарттарындағы экономиканы декарбондау жөніндегі трендтер туралы айтты. РҚ БҒМ Ғылым комитеті Экономика институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның академигі Әзімхан Сатыбалдин 2030 жылға дейін ҚР Отын-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасына сәйкес көшудің негізгі тапсырмалары мен бағыттарын атап кетті. Сондай-ақ, Қазақстанның Жаңартылатын энергетика қауымдастығы компанияларының өкілдері өз тәжірибесі мен жасыл экономиканы дамытуға қосқан үлестері туралы айтты.

Іскерлік кеңестің отырысына қатысу инвестиция тарту, ұсынымдар, ұсыныстар енгізу және Кореяның іскерлік ортасымен проблемалық мәселелерді талқылау үшін диалогтік алаңды пайдалану мүмкіндігін береді.

Оңтүстік Корея Қазақстанның ірі сыртқы сауда стратегиялық серіктесі болып табылады. Елдер арасындағы 2016 жылғы тауар айналымы 677 млн. АҚШ долларына жетті. Корей Республикасының Қазақстанға салған инвестицияларының жалпы көлемі - 9 млрд. АҚШ долларын құрады, шамамен 200 бірлескен кәсіпорын құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Анықтамалық ақпарат:

Қазақстан-Корей Іскерлік Кеңесі (бұдан әрі - ҚКІК) 2012 жылы құрылды. ҚКІК үйлестіруші және кеңестік орган болып табылады, оның негізгі мақсаты қазақстандық және корейлік компаниялар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. ҚКІК стратегиялық маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде қолдау көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Сауда-өндірістік палатасы және Корей өнеркәсіп иелерінің Федерациясы ҚКІК-ның құрылтайшылары болды, олар 2010 жылғы 22 сәуірде Іскерлік Кеңесті құру туралы келісімге қол қойды.

ҚКІК-ның бесінші отырысы мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ресми сапары барысында 2016 жылғы 10 қарашада Сеул қаласында өтті.

«Kolon World Investment»-нің басқарушы директоры Шин Санг Хо 2016 жылғы қазан айында корей тарапынан Қазақстан-Корей Іскерлік Кеңесінің жаңа тең төрағасы ретінде тағайындалды. «Kolon Group» Қазақстан Республикасындағы өз қызметін «Kolon World Investment Co. Ltd.» еншілес компаниясы арқылы жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Kolon компаниялар тобына 38 жергілікті кәсіпорын, сондай-ақ әлемнің 18 мемлекетіндегі 21 компаниядан тұратын еншілес ұйымдарының желісі және 22 өкілдігі кіреді.

The federation of Korean Industries (бұдан әрі - FKI) 1961 жылы құрылды. FKI ірі конгломераттардан және қауымдастықтар мүшелерінен тұратын тәуелсіз коммерциялық емес ұйым болып табылады. Федерацияның құрамына 332 компания кіреді.

2017.07.20
2017.07.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng