Балалар арасында өткен V сурет конкурсының қорытындылары шығарылды

«Самұрық-Энерго» АҚ-да холдингтің компаниялар тобы қызметкерлерінің балалары арасында өткен V сурет конкурсының қорытындылары шығарылды

Балалар арасында өткен V сурет конкурсының қорытындылары шығарылды

«Самұрық-Энерго» АҚ-да холдингтің компаниялар тобы қызметкерлерінің балалары арасында Халықаралық балаларды қорғау күніне және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылғанына 10 жыл толуына орай өткен V сурет конкурсының қорытындылары шығарылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің балалары арасында Балалар суреті конкурсын өткізу дәстүрлі конкурсқа айналып, «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» ҚБ бастамасының арқасында  өткізіледі. Балалардың суреттері 2017 жылғы шілденің 1-інен 3-ін қоса алғандағы мерзімде қабылданды. Конкурсқа барлығы 103 сурет келіп түсті, олар жас ерекшелігі мен тақырыптық санаттарға қарай бөлінді.

Конкурсқа «Шардара СЭС» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ КО, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «МЭБК» АҚ, «АЖК» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «БЖЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ қызметкерлерінің балалары барынша белсене қатысты.

Конкурсқа қатысушылар гуашь, акварель, жапсырма, аралас техника тәсілімен салынған суреттерді ұсынды.

Ұсынылған жұмыстар авторларының арасынан жеңімпаздарды таңдау үшін «Самұрық-Энерго» АҚ конкурстық комиссиясы құрылды, оның құрамына құрылымдық бөлімшелердің өкілдері мен сырттан шақырылған сарапшы -  профессор, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы басқармасының жауапты хатшысы, Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясының академигі А.Ж.Нақысбеков кірді.   

Қазылар алқасы балалардың мына: «Менің отбасым», «Менің Қазақстаным», «Самұрық-Энерго 10 жыл» тақырыптарын шығармашылықпен аша білгенін атап көрсетті. Конкурстық комиссия жүлделі орындарды тағайындау туралы шешім шығарған кезде суреттің жалпы идеясын, орындау техникасы мен бірегейлігін бағалады. Жұмыстарды талқылау соншалықты қызықты өтті, арасында комиссия мүшелерінің арасында талас туған кездер де болды. Дегенмен, олардың барлығы да ортақ түсінікке келіп, бірауыздан мынадай жеңімпаздарды анықтады:

Жас ерекшеліктері бойынша:

  • 1 место – Эвелина Конопьянова (7 лет), ТОО «Экибастузская ГРЭС-1» – диплом и ценный приз;
  • 2 место – Айганым Бектасова (7 лет), КЦ АО «Самрук-Энерго» – диплом и ценный приз;
  • 3 место – Адия Сайлаубай (6 лет), ТОО «Экибастузская ГРЭС-1»  – диплом и ценный приз;
  • 4 место – Дарья Дмитриева (3 года), АО «ВК РЭК»-диплом;
  • 4 место – Алибек Ескермес (7 лет), АО «АЖК» - диплом.

Дети от 8 до 12 лет:

  • 1 место – Айганым Асаубаева (11 лет), КЦ АО «Самрук-Энерго» – диплом и ценный приз;
  • 2 место – Екатерина Живетина (9 лет), ТОО «Экибастузская ГРЭС-1»  – диплом и ценный приз;
  • 3 место – Ксения Токарева (10 лет), АО «АЖК» – диплом и ценный приз;
  • 4 место – Раимбек Калиев (8 лет), ТОО «Экибастузская ГРЭС-1» – диплом;
  • 4 место – Малика Ибрай (11 лет), АО «Шардаринская ГЭС» – диплом;
  • 4 место – Даир Даиров (9 лет), ТОО «Экибастузская ГРЭС-1» - диплом.

Дети от 13 до 16 лет:

  • 1 место – Адина Әділ (15 лет), АО «Шардаринская ГЭС»   – диплом и ценный приз;
  • 2 место – Игорь Лиханов (13 лет), ТОО «Экибастузская ГРЭС-1» – диплом и ценный приз;
  • 3 место – Диана Искакова (14 лет), АО «АЖК» – диплом и ценный приз;
  • 4 место – Данара Амантаева (13 лет), АО «АЖК» – диплом.

«Самұрық-Энерго жергілікті кәсіподағы» ҚБ Атқару комитеті

Конкурстық комиссияның мүшелері Қазэнергокәсіподақ төрағасы О.Т. Бекбаспен бірге.Конкурстық комиссияның мүшелері Қазэнергокәсіподақ төрағасы О.Т. Бекбаспен бірге.

2017.07.18
2017.07.18

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng