Шахмат чемпионатындағы күміс жүлде

«Самұрық-Энерго» АҚ құрамасы Астана қ. компаниялары арасында шахматтан KPMG Премьер-Лигасының V Чемпионатының қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді

Биыл Премьер-Лиганың кубогына 18 команда таласты. Жарыс швейцария жүйесі бойынша өтті: әрбір ойыншыға бір партия үшін 10 минуттан уақыт берілетін 7 тур өткізілді. Регламенттің сақталуын бас судья – FIDE төрешісі халықаралық гроссмейстер Нұрлан Ибраевтың басшылығымен төрешілер командасы бақылады.

Турнирдің қорытындысы бойынша командалық және жеке есепте жеңімпаздар анықталды. Командалық есепте бірінші орын мен кубокты ERG (EURASIAN RESOURCES GROUP) командасы, екінші орынды «Самұрық-Энерго» АҚ мамандары, үшінші орынды «Қазақмыс» корпорациясы жеңіп алды. 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның намысын Нұрсұлтан Балтабаев (Ішкі Аудит Қызметі), Жандос Медеуов (Жобалау Офисі) және Бауыржан Мәденов («Қазынашылық» бөлімі) қорғады.

Турнирге қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырылды, ал жеңімпаздар Премьер-Лиганың дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

2017.06.05
2017.07.17

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng