Компанияның 10 жылдығына арналған спортттық марафонқа қатысты

13 мамырда Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталық ұжымы жүгіруден «10 жарқын жыл» нышандық атауымен ұйымдастырылған жарысқа қатысты

13 мамырда Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталық ұжымы жүгіруден «10 жарқын жыл» нышандық атауымен ұйымдастырылған жарысқа қатысты. Марафон тұрақтылықты, энергия мен қиындықты еңсеру қабілетін көрсеткен спортық мерекеге айналды.

 «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтып өткендей, өткен 10 жыл «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы тобы үшін жаңа, бірегей электр энергетикалық инфрақұрылым объектілерін қарқынды дамытудың, жаңғырту және салудың жаңа кезеңіне айналды. 

Ірі жобаларды холдинг еншілес кәсіпорындардың қолдауымен іске асырды. Мойнақ СЭС-ін, Ерейментау жел паркін, Қапшағай күн электр станциясын іске қосу -  бұл объектілер энергия балансын әртараптандыруға, қоршаған ортаға шығарылатын жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін жаңа энергетиканың, таза технологиялардың нышандарына айналды.

Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері 5 шақырымға жүгіруде өздерінің спорттық рухы мен тамаша физикалық дайындықтарын көрсетті. Ер адамдар арасында 3-орын алған Трансформациялау офисінің бас менеджері Бауыржан Коржеубаев жақсы нәтиже көрсетті,  ІАҚ бас аудиторы Ринат Кадыров мәреге екінші болып жетсе, БЖЭС еншілес ұйымының экономисі Қуаныш Оңалбаев мәре шегіне бірінші боп келді.  

Әйелдер арасында үшінші болып келген Трансформациялау офисінің маманы Мөлдір Манатова неғұрлым жоғары деңгейден көрінсе, Трансформациялау жөніндегі басқарушы директордың ассистенті Дана Досбергенова екінші орынды иеленді, «Тәуекел Менеджменті және Ішкі Бақылау» департаментінің бас менеджері Рахима Мұсаева «алтынды» қанжығасына байлады.

Мерекелік марафон жеңімпаздарды құттықтаумен аяқталып, соңында  флэш-моб өткізіліп, аспанға шар ұшырылды.

2017.05.15
2017.07.17

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng