Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы және «Датан» Корпорациясы Басқармасының Төрағасы екі жақты кездесуі өтті

2017 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Датан» Корпорациясы Басқармасының Төрағасы Чень Цзиньхиннің екі жақты кездесуі өтті

Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы және «Датан» Корпорациясы Басқармасының Төрағасы екі жақты кездесуі өтті

2017 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Датан» Корпорациясы Басқармасының Төрағасы Чень Цзиньхиннің екі жақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында «Бірінші жел электр станциясының қуатын 300 МВт-ға дейін кеңейту» жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді. «Датан» корпорациясының «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-ға қатысу үлесін сатып алуды көздейтін ынтымақтастық туралы Шектелмелі келісімге қол қойылды.

Сол күні «Датан» Корпорациясы Басқармасының Төрағасы Чень Цзиньхиннің ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминмен, ҚР Энергетика Министрі Қанат Бозымбаевпен де кездесулері өткізілді. Аталған кездесулер барысында электр энергетикалық жобаларды инвестициялау мүмкіндіктері талқыланды.

2017 жылғы 6 шілдеде қытай делегациясы қуаты 45 МВт Ерейментау ЖЭС-ке келді. Жел паркі дегеніміз - Астана қаласынан 160 км қашықтықта, Ақмола обысында орналасқан, ауданы 60га аумақты алып, қуаты 2,05 МВт 22 жел энергетикалық құрылғыдан тұратын кешен. Турбинаның жұмысы үшін желдің мейілінше тез жұмыс жылдамдығы 25 м/с дейін, қалақшалар роторының диаметрі – 93 м, мұнараның биіктігі - 85 метр.

Өндірілетін электр энергиясы Қазақстанның Ұлттық электр желісіне (ҰЭЖ) келіп түседі. Жел паркінің пайдаланылуын 29 маман қамтамасыз етеді, олардың 12-сі -Ерейментау қаласының тұрғындары. Құны 18,9 млрд. теңге 45 МВт Ерейментау ЖЭС-ін салу жобасын 2015 жылы «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қолдауымен іске асырды.

45 МВт Ерейментау ЖЭС-інің жұмысы Ақмола облысының энергия теңгерімін жақсартуына және қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосады. Ерейментау ЖЭС-і пайдалануға берілген сәттен бастап 350 млн. кВтсағ көлемінде электр энергиясын өндірді. Жел әлеуетін пайдалану жыл сайын 100 мың тоннадан аса көмір жағуды сақтауға мүмкіндік береді.

2017.07.06
2017.07.17

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng