Ұжымның Самұрық-Энергоның құрылғанына 10 жыл толуына орай өткізілген салтанатты жиналысы

29 маусымда Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс өтті

Ұжымның Самұрық-Энергоның құрылғанына 10 жыл толуына орай өткізілген салтанатты жиналысы

29 маусымда Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс өтті. Ұжым алдында шақырылған қонақтар – ҚР Парламентінің депутаттары, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтардың, қаржы институттарының  өкілдері, шетелдік серіктестер, Ресей мен Өзбекстаннан келген әріптестер сөз сөйледі.  

«Самұрық-Энерго» АҚ атына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев,   «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев, «Kazenergy» Қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев, ТМД ЭЭК Атқарушы комитетінің төрағасы Евгений Мишук,  Еуразия экономикалық комиссиясы энергетика департаментінің басшысы Леонид Шенец, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов құттықтауларын жолдады.  

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев компанияның өткен он жыл ішіндегі қызметінің негізгі нәтижелерін атап өтті. ҚР Үкіметінің қолдауымен іске асырылған электр энергетикасы инфрақұрылымының жаңа объектілерін салу және жаңғырту жөніндегі жобалар тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету сенімділігін арттырып, экономикалық өсім үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етті.  Бүгінгі күні «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы еліміздегі жиынтық қуат көзі 6,8 гигаВатт болатын әрбір төртінші кВтс. немесе Қазақстанның  Бірыңғай энергетикалық жүйесінің 31%-ын өндіреді.

 «Самұрық-Энерго» АҚ қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайту және ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде балама энергия көздерінің үлесін арттыру арқылы пайдалану бойынша кешенді шараларды іске асырады. Компанияның қатысуымен 300 МВт Мойнақ СЭС-і, 45 МВт Ерейментау ЖЭС-і, 2 МВт Қапшағай КЭС-і іске қосылды. Таяу жылдарда жаңа жобаларды салу және іске қосу есебінен «жасыл» қуат көздерін кеңейту жоспарлануда. Ұзақ мерзімді Даму стратегиясы компания қуатының құрылымындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 10 %-ға дейін жеткізуді болжап отыр (2025 жылға қарай 850 МВт-дан аса).

Компания қызметінің қаржы-экономикалық қызметінің нәтижелері жақсаруда. 10 жыл ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ активтерінің құны Улучшаются финансово-экономические результаты деятельности компании. 1 трлн  теңгеге артып, 8 есеге дейін өсті, пайда мен EBITDA margin көрсеткіші 6 есеге дейін, рентабельділік 3 есеге дейін өсті.

Жиналыс барысында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының еңбекте айрықша көзге түскен қызметкерлеріне ҚР Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҚКП, «Kazenergy» ЗТБ және «Самұрық-Қазына» АҚ құрмет грамоталары тапсырылды.  

2017.06.30
2017.07.17

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng