Нарық кеңесі

Төралқаның құрамы ҚЭҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінен құрылды

ҚР Энергетика министрлігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 305 «Нарық кеңесін белгілеу туралы» бұйрығын орындау және Нарық кеңесінің қызметін ұйымдастыру үшін Қазақстан Электр Энергетикалық Қауымдастығының Директорлар кеңесі 2017 жылғы 18 мамырдағы отырысында басшы орган – Төралқа мен атқарушы орган – Хатшылықты құра отырып, Нарық кеңесі туралы ережені бекітті.

Төралқаның құрамы ҚЭҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінен құрылды. Төралқа төрағасы - ҚЭҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ж.Е. Көшербаев.

Нарық кеңесі Төралқасының құрамына ҚЭҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚЭҚ Электр энергиясы мен қуаты нарығын дамыту мәселелері жөніндегі комитет басшысы, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы А.М.Сәтқалиев енгізілді.

2017 жылы 18 мамырда өткен Төралқаның алғашқы отырысында Хатшылықтың басшысы болып ҚЭҚ төрағасы Ш.А.Оразалинов тағайындалды, сонымен қатар «Электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмысына мониторинг жүргізу тәртібі» мен «Инвестициялық бағларламаларды қарау тәртібі» бекітілді.

Нарық кеңесі туралы ереже, Электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмысына мониторинг жүргізу тәртібі, Инвестициялық бағларламаларды қарау тәртібі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның белсенді қатысуымен әзірленді. 


Анықтама үшін: «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Нарық кеңесі – коммерциялық емес ұйым, ол мынадай функцияларды атқарады:

- электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмысына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;

- инвестициялық бағдарламаларды қарайды;

- Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамаларын жетілдіру жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

- уәкілетті орган белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

2017.05.25
2017.06.21

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng