Украина делегациясы Ерейментау жел паркіне келді

2017 жылы 16 маусымда Украина Жоғары радасының бірінші депутаты Максим Ефимов және энергетика министрінің орынбасары Наталья Бойко бастаған Украина делегациясы 45 МВт Ерейментау ЖЭС жұмысының барысымен танысты

Украина делегациясы Ерейментау жел паркіне келді

2017 жылы 16 маусымда Украина Жоғары радасының бірінші депутаты Максим Ефимов және энергетика министрінің орынбасары Наталья Бойко бастаған Украина делегациясы 45 МВт Ерейментау ЖЭС жұмысының барысымен танысты.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Қаныш Молдабаев және «БЖЭС» ЖШС бас директоры Нұрлан Сақ Украина делегациясына Краматорск қ. зауытында лицензия бойынша жасалған жел турбиналарын салу және пайдалану тәжірибесі туралы айтты.

45 МВт Ерейментау ЖЭС-нің жұмысы Ақмола облысының энергия теңгерімін жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосады. 45 МВт Ерейментау ЖЭС-і пайдалануға берілген сәттен бастап (2015ж. тамыз) 330 млн. кВтсағ көлемінде жасыл электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етті, бұл атмосфераға СО2-нің 300 мың тоннадан аса шығарылуының алдын алды. Жел әлеуетін пайдалану жыл сайын 100 мың тоннадан аса көмірді үнемдеуге мүмкіндік береді.

45 МВт Ерейментау ЖЭС Ақмола облысында, Астана қаласынан 160 км қашықтықта орналасқан. Жел паркінің ауданы 60га аумақты алатын, қуаты 2,05 МВт                   22 жел энергетикалық құрылғыдан тұратын  кешенді білдіреді. Турбинаның жұмысы үшін желдің мейлінше тез жұмыс істеу жылдамдығы 25 м/с дейін, қалақшалар роторының диаметрі – 93 м, мұнараның биіктігі - 85 метр. Өндірілетін электр энергиясы Қазақстанның Ұлттық электр торабына (ҰЭЖ) келіп қосылады. 

Жел паркін пайдалануды 29 маман қамтамасыз етеді, олардың 12-сі - Ерейментау қаласының тұрғындары. Құны 18,9 млрд. теңге 45 МВт Ерейментау ЖЭС-ін салу жобасын 2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қолдауымен «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС іске асырды.

Келешекте Ерейментау жел паркінің қуатын кезең-кезеңімен 300 МВт-ға дейін арттыру жоспарлануда.  

2017.06.16
2017.06.18

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng