Екібастұз ГРЭС-2 станциясы құрғақ күлді өткізуді бастады

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы құрғақ күлді іріктеу және өткізуге бағытталған инвестициялық жобаны іске қосты

Суретте: құрғақ күлді автоцистернаға тиеу және кейінгісі - автоцистернадан хопперге тиеу

Құрғақ күлді іріктеу жүйесінің өнімділігі шамамен айына 200 000 тоннаны құрайды. Аталмыш инвестициялық жоба күл үйіндісіне жіберетін құрғақ күл мөлшерін айтарлықтай қысқартып, оны жол құрылысы, құрылыс материалдарын,  бетон қоспасын шығару және т.б. маңызды жобаларда қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда, Екібастұз ГРЭС-2 бірқатар қазақстандық компаниялармен келісім шартқа отырып, құрғақ күлді тиеуді бастады. Сонымен қатар алыс және жақын шет мемлекет компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.

Айта кетейік, Екібастұз көмірінің құрғақ күлінде іс жүзінде ешқандай зиянды қоспалар жоқ, химиялық құрамы және дисперстілігі бойынша біртекті болып келеді. Құрамында жанып бітпеген көмір мен көміртектің айтарлықтай аз мөлшерде болуынан, оны бетон мен өзге құрылыс материалдарын өндіруде кварцты құмның орнына қолдануға болады. Аталмыш күлдің артықшылығының бірі – оның төмен радиациялық аясының арқасында – ол өзге көмірлердің құрғақ күлімен салыстырғанда экологиялық таза болып табылады. 

Суретте: құрғақ күлді автоцистернаға тиеу және кейінгісі - автоцистернадан хопперге тиеу

2017.06.09
2017.06.09

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng