Самұрық-Энерго және Hydrochina Corporation Алматы облысында жасыл энергияның әлеуетін дамытуға ниет білдірді

Жаңартылатын энергетика жобалары бойынша «Hydrochina Corporation» қытай корпорациясымен серіктестік «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламалық стратегиялар сәйкес келеді

Бүгін, 2017 жылғы 8 маусымда Астана қаласында Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және «Hydrochina Corporation» вице-президенті Ли Ниньцюн (Li Ningjun) «Hydrochina Corporation» қытай корпорациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат қытай компаниясының келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын және Шелек өзенінде 4 шағын СЭС-ті салу жобаларын іске асыруға қатысуды көздейді.

Қытай тарабы әзірлеген алдын ала жасалған ТЭН-ге сәйкес жел, күн станцияларын және шағын СЭС-терді салу бойынша Алматы облысы Шелек ауданының әлеуеті 1600 МВт деңгейінде бағаланады. Есептеулер бойынша, ол қоршаған ортаға жүктемені елеулі төмендетеді, жылына шамамен 5 млрд. кВтсағ экологиялық таза электр энергиясын өндіру есебінен өңірдің энергия тапшылығын азайтады.

Жаңартылатын энергетика жобалары бойынша «Hydrochina Corporation» қытай корпорациясымен серіктестік «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламалық стратегиялар мен тұжырымдамалардың қағидаттарына сәйкес келеді («Бір белдеу және бәр жол).

«EXPO-2017» халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында қол қойылған екі жақты ынтымақтастық туралы құжат Қазақстанның «жасыл» энергетикасының дамуына ықпал тигізеді. 

2017.06.08
2017.06.08

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng