«Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдастырған еңбек әулеттері күні

Жалпы еңбек өтілі 700 жылға жуық 9 еңбек әулетінің өкілдеріне компания басшылығы құрмет грамоталары мен медальдар тапсырды

17 мамырда Астанаға дәстүрлі мерекеге Қазақстанның әр түкпірінен «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының қызметкерлері шақырылды. Жалпы еңбек өтілі 700 жылға жуық  9 еңбек әулетінің өкілдеріне компания басшылығы құрмет грамоталары мен медальдар тапсырды. 

Еңбек әулеті күні отбасылық кәсіпті жалғастыру және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу, оған қолдау көрсету мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бастамасымен 2013 жылдан бастап аталып келеді. «Самұрық-Энерго» АҚ биыл Астанада «Богатыр Көмір» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ,  «АлматыЭнергоСбыт» АҚ, «Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ,  «Алматы электр станциялары» отбасылық әулет өкілдерін қабылдады.

Еңбек әулеттері бүгінгі күні энергетик кәсібі беделінің, ұжым бірлігінің және кәсіпорынның әлеуметтік тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады.

Кездесуді ашқан Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев еңбек әулеттері өкілдерін өздерінің тегіне құрметпен қарайтын ең сенімді қызметкерлер ретінде санайтынын атап өтті.

- Әулет өкілдері электр энергетикасы саласының дамуына өз үлестерін қосты. Салыстырмалы түрде алғанда аз ғана уақыт ішінде Мойнақ СЭС-і салынды. Алматы энергетикалық торабын қалпына келтіру мен кеңейту бойынша көп жұмыс жүргізілді. Маңғыстау облысында жаңа диспетчерлік орталық іске қосылды. Екібастұз ГРЭС-1-де екі блок қалпына келтірілді. Бұл – іске асырылған жобалардың тек аз ғана бөлігі», - деді Алмасадам Сәтқалиев.  

«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы көп жылғы жемісті еңбегі, кәсібилігі және электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, еңбекте жаңа жетістіктер мен жоғары нәтижелерге жете берулеріне тілектестік білдірді. Салтанатты шараның қонақтары – әулет өкілдері өз тарихтарын ортаға салып, энергетик кәсібінің өздері үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша еншілес компаниялардың қызметкерлеріне «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіподағы Құрмет грамоталары мен «Алғыс белгісі» медалін, сондай-ақ естелік сыйлықтар тапсырды, мұнан соң Астана қаласы бойынша  экскурсия  ұйымдастырылды.  

«Самұрық-Қазына» АҚ-да өткен салтанатты іс-шараға «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы атынан қатысу құрметі «АЖК» АҚ-дан Жаманкөзовтер отбасына ұсынылды. Әулеттің жалпы еңбек өтілі - 120 жыл, ата-аналар эстафетасын бүгінде жаңа буын жалғастыруда. Отағасы Әділбек Сағындықұлы қазіргі кезде электр энергетикасы саласында 40 жыл еңбек етіп, құрметті демалыста. Зайыбымен бірге олар 4 бала тәрбиелеген, оның екеуі отбасы дәстүрін үзбеу үшін энергетика саласын таңдаған.

 «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының еңбек династиялары

«Богатырь Көмір» ЖШС-дан Мыңбаевтар әулетінің жалпы өтілі 115 жылды құрайды. Әулет басшысы Жұмақан Темірханұлы өзінің еңбек жолын 1982 жылы әскер қатарынан келіп, Екібастұз тау-кен техникумын аяқтап, күш агрегатының машинисі болып бастады. Ұжымда Мыңбаевтар отбасын еңбекқор, жауапты, кәсіпорында өздерін жақсы жағынан көрсете алған әріптестер ретінде біледі. Көптеген грамоталар мен марапаттарға ие болған, ұжымның қоғамдық өміріне белсене араласады. «Богатырь Көмір» ЖШС-да оның зайыбы Ғалия Зейноллақызы, сонымен қатар екі інісі – Қасымжан мен Нұрлан еңбек жолдарын жалғастыруда.

Әулет басшысы Валерий Дербиных өзінің еңбек жолын Триполь ГРЭС-інде бастап, одан соң Сырдария ГРЭС-інде жұмыс жасады. Еңбек өтілі - 44 жыл. Зайыбы, Валентина Ефимовна, оқу орнын тәмамдаған соң, энергетика саласында 46 жыл жұмыс жасады. Еңбек жолын Триполь ГРЭС-інде 3-разрядты оқшаулаушы болып бастады. Династия басшысының қызы, Наталья, Алматы энергетикалық институтында электр  инженері мамандығын алды. Қазіргі кезде «Энергоремонт» ӨЖК ЭЗДО-2-де еңбекті ұйымдастыру және нормалау инженері болып жұмыс жасайды.

«Екібастұз ГРЭС-2» АҚ-да 8 адамнан тұратын Третьяковтар әулеті жұмыс жасайды, олардың жалпы еңбек өтілі - 94 жыл. Династия басшысы Сергей Третьяков еңбек жолын 1992 жылы «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да 4-разрядты орталықтандырылған жөндеу цехының қазандық жабдықтарын жөндеу және тозаң дайындау цехының слесарі болып бастаған, қазіргі кезге дейін жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде оның зайыбы Галина Михайловна мен екі ұлы Михаил мен Николай, сондай-ақ інісі мен оның әйелі түрлі позицияларда жұмыс жасайды.

Белецких отбасы үш буынының өкілдері энергетика ісіне берілген. Александр Григорьевич 1954 жылы Қазақстанға Украинадан тың игеруге келді. 1968 жылдан бастап Семей басқармасы Алтай-Энерго өндірістік бірлестігі Бурасинск учаскесінің шебері болып қабылданды.1970 жылы Бесқарағай АЭС-і құрылды, ол АЭС бастығы болып тағайындалып, сол жерде зейнеткерлікке шыққанша жұмыс жасады. Оның ұлы Анатолий 1977 жылы Бесқарағай АЭС-іне ҚС тобына слесарь болып жұмысқа тұрды, одан соң Кеңес аскері қатарында мерзімді қызметін өтеді. Әскер қатарынан келген соң өзінің туған Бесқарағай ауданына келіп, қазіргі кезге дейін диспетчер болып еңбек етеді.  

Шардарадан Нұрмұратовтар әулетінің басшысы Әзіретқұл Оразбекұлы еңбек жолын 1978 жылы «Шардара СЭС» АҚ электр цехында электр монтері болып бастады, одан кейін ауысым цехының бастығы, автоматика және телемеханика жөніндегі шебер, релелік қорғаныс жөніндегі аға инженер, электр цехының бастығы болып жұмыс жасады. Электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан жеке үлесі мен сіңірген еңбегі үшін мынадай ведомстволық наградалармен марапатталды: «KAZENERGY» медалі, «ТМД-ға еңбек сіңірген энергетик» медалі. Ұлы Шаймерден энергетик мамандығын таңдап, әкесінің жолын қуды. Қазіргі кезде электр цехының АСДУ және АСТП бастығы болып қызмет атқарады.

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ Сарниязовтар әулетімен мақтана алады.  Әулет басшысы Бесімбай Жексенұлы Маңғыстау электр желілері кәсіпорнына 1980 жылы қабылданды, қазіргі кезге дейін жүргізуші болып жұмыс жасайды. Екі қызы да әкесінің жолын қуып, қазіргі кезде «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-да жұмыс жасайды. Сарниязовтар әулетінің электр энергетикасы саласындағы жиынтық еңбек өтілі жарты ғасырдан асты (51 жыл).

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-дан Бақбергеновтер әулеті электр энергетикасы саласында жарты ғасырға жуық еңбек етіп келеді. Отағасы Мәлік Бақбергенұлы  еңбек жолын Талғар қ. аудандық электр желілері бөлімінде учаске шебері болып бастады. Кәсіпорыннан алған бірнеше наградалар, сондай-ақ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтан Алғысхат алған. ҚР еңбек сіңірген энергетигі. Қызы Шынар Мәлікқызы Бақбергенова «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-да Алматы облысы бойынша өткізу қызметінің жетекші маманы болып жұмыс істейді.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС Астанаға Қайсиндер отбасын жіберді. Әулет басшысы 1982 жылдан қазіргі кезге дейін Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жетінші разрядты электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі аға электр монтері болып жұмыс істейді. Бақытжан Қайсин ЕГРЭС-1 энергия блоктарын жаңғыртуға және қайта құрылымдауға белсенді қатысты.  Адал еңбегі үшін 2010 жылы Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының құрмет грамотасымен марапатталды. Ұлы Руслан 2006 жылдан қазіргі кезге дейін электр цехының ауысым бастығы болып қызмет етіп келеді. Қайсиндер отбасы 2016 жылы «Кәсіп – біздің отбасылық мақтанышымыз» номинациясы бойынша кубокпен және дипломмен марапатталды. Отбасы мүшелерінің жалпы өтілі 44 жылды құрайды.

2017.05.17
2017.05.30

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng