Тұтынушыларға «өте жақсы» қызмет көрсетеміз!

Дауыс беру батырмалары «Шығысэнерготрейд» ЖШС дербес қызмет көрсету орталықтарындағы сервистің сапасын арттырады

Дауыс беру батырмалары «Шығысэнерготрейд» ЖШС дербес қызмет көрсету орталықтарындағы сервистің сапасын арттырады. Тұтынушылар «кассадан алыстамай» энергиямен жабдықтау ұйымының қызмет көрсету деңгейін бағалай алады. 

2017 жылдың мамыр айынан бастап Өскемен және Семей қалаларындағы «Шығысэнерготрейд» ЖШС дербес қызмет көрсету орталықтарында операторлардың жұмысын бағалау үшін «Дауыс беру батырмалары» жүйесі орнатылған.  

Дербес қызмет көрсету орталықтарында операторлардың жұмыс орындары оператордың деректері және қызыл, жасыл, сары үш батырмасы бар тақтамен жабдықталған. Әрбір түс белгілі бір деңгейге сәйкес келеді: «жаманнан» жақсыға» дейін, бұл түстерді тұтынушы оператордың жұмысы мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау үшін таңдай алады. 

Тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін, «Шығысэнерготрейд» ЖШС әрдайым жаңа жұмыс тәсілдері мен жаңа технологияларды енгізуде. 2014 жылдан бастап Жеке кабинет, Мобильді қосымша, хабарлама-шоттарды электрондық поштамен және СМС арқылы жеткізу, тұтынылған электр энергиясы үшін комиссиясыз төлем қабылдау бойынша автоматтандырылған кассалар, электр энергиясы үшін  рos-терминалдар мен  QIWI – әмиян арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу опциясы әрекет етеді. 

Тұтынушылар энергиямен жабдықтау ұйымының жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын дербес қызмет көрсету орталықтарында «Шағымдар мен ұсыныстар кітабында», www.shygys.kz сайтында «Кері байланыс» бөлімінде қалдыра алатынын ескертеміз. 


«Шығысэнерготрейд» ЖШС 9.07.2004 ж. № 588- II «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 25 бабына сәйкес 2004 ж. 28 қыркүйекте құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 17233-1917-ТОО ШҚО Әділет департаментімен 28.09.2004 ж. берілді) және «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады, оның 100 % акциясы «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Қазақстандағы электр энергетикалық активтерін басқару жөніндегі холдингке тиесілі. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысында 500 000-нан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде 21 000-нан астамы – заңды тұлғалар. Қосымша ақпарат алу үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС жұртшылықпен байланыс  жөніндегі топтың мамандарына хабарласыңыздар:  Татьяна Павлова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6968) , ұялы тел.: + 7 701 921 70 32; Асель Баденова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6368) , ұялы тел.: +7 701 221 71 38.
2017.05.17
2017.05.17

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng