«Самұрық-Қазына» АҚ шоғырланған таза пайдасы 2016 жылдың қорытындысы бойынша 455 млрд теңгені құрады

Қордың шоғырланған түсім соммасы 4,1 трлн теңгеге жуық, бұл алдыңғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 32% жоғары

«Самұрық-Қазына» АҚ (әрі қарай - Қор) БАҚ үшін ұйымдастырылған арнайы ақпараттық сессия барысында Қор және оның қоржындық компанияларының 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі жылдық қаржылық көрсеткіштерін жариялады.

Қордың қаржы және операциялары жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы Ернар Жанәділ мәлімдегендей, «Самұрық-Қазына» АҚ 2016 жылды оңтайлы қаржылық нәтижемен аяқтады. Акционер үлесіндегі шоғырланған таза пайда 2016 жылдың қорытындысы бойынша 455 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 292 млрд теңгеге артық.

Қордың шоғырланған түсім соммасы 4,1 трлн теңгеге жуық, бұл алдыңғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 32% жоғары. Түсімнің елеулі өсуіне 2016 жылдың екінші жартыжылдығында, баға белгіленімі көтерілген кезде шикі мұнайдың қосымша көлемін сату, сондай-ақ аффинажды алтын, газды қайта өңдеу және мұнай өнімдерін сату ықпал етті.

Қор тобының шоғырланған активтері 2016 жылдың 31 желтоқсандағы ахуал бойынша 22,4 трлн теңгеден асты, бұл 2015 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 1,6 трлн теңгеге немесе 7,5% көп.

2016 жылы Қор тобында 2015 жылмен салыстырғанда негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсімі байқалды.  EBITDA және EBITDA margin көрсеткіштері 2016 жылдың қорытындысы бойынша 982 млрд теңгені және, сәйкесінше, 20,6% құрады, ал 2015 жылы бұл көрсеткіштер 639 млрд теңге және 17,8% деңгейінде болған. Қордың стратегиялық көрсеткіші болып табылатын таза активтердің құны 6,8 трлн теңгеден асып, 2015 жылдағыдан 7% өсті.

Ақпараттық сессия барысында Қордың ірі қоржындық компаниялары да қаржылық қызметтің қорытындысын назарға ұсынды.

Осылайша, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ таза пайдасы 2016 жылы 306 млрд теңгеге жетті. «ҚМГ» ҰК» АҚатқарушы вице-президенті – қаржы директоры Дәурен Қарабаевтың айтуынша, компания былтыр 22,6 млн тонна мұнай және 7,4 млрд м³ газ өндірген.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ 41 млрд теңге көлемінде таза пайда алды.«ҚТЖ» ҰК» АҚқаржы жөніндегі вице-президенті Жасұлан Мәдиев атап өткеніндей, өткен жылы жүк және жолаушылар тасымалының көлемі 6,5%, ал Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша контейнерлердің тасымалы 120% өсті.

«Самұрық-Энерго» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Мақсұтовтың сөзіне қарағанда, 2016 жылдың нәтижесінде компанияның шоғырланған пайдасы 6,5 млрд теңге деңгейінде жоспарланғанымен, 18 млрд теңгеге жетті. Өткен жылы «Самұрық-Энерго» компаниясы 22,5 млрд кВтс электр энергиясын, немесе елдегі барлық қуат көлемінің 24% өндірді. Көмір өндірісінің көлемі 35 млн тоннаны құрады, бұл Қазақстанда шығарылған көмірдің 36% тең.

Сонымен қатар ақпараттық сессияда «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтер қоржынын басқару жөніндегі басқарушы директоры Балжит Гревал тілшілерге Қордың 2017-2021 жылдарға арналған Даму жоспары жайында баяндады. Қор менеджментінің болжамына сәйкес, алдағы бес жылдың ішінде мұнай бағасы 33% көтерілуі мүмкін, ал Қордың қоржындық компанияларында мұнай мен газ конденсатының өндірісі 8,6%, жүк тасымалының көлемі 17% және жолаушылар саны 36% өседі деп күтілуде.

Қор трансформация бағдарламасы аясында стратегиялық холдинг және белсенді инвестор моделіне көшуді жалғастырып, өз стратегиясын табысты жүзеге асыру жолында алты негізгі бастаманы жетекшілікке алады: қоржынды басқару жүйесін жетілдіру; жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру – активтерді сату мен жою арқылы инвестициялық қоржынды қайта құрылымдау; жаңа салаларға ықылас таныта отырып, инвестициялық қоржынды дамыту; қоржындық компанияларды трансформациялау; Қордың корпоративтік орталығын жаңа функционалдық үлгіге көшіру; қаржылық тұрақтылықты нығайту. 

2017.05.03
2017.05.03

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng