Техникалық жаңарту курсы

«Богатырь Көмір» компаниясында СРс(К)-2000 №2147 роторлы экскаваторын жаңартуға кірісті

Техникалық жаңарту курсы

«Богатырь Көмір» компаниясында СРс(К)-2000 №2147 роторлы экскаваторын жаңартуға кірісті. Сексенінші жылдар ортасынан пайдалануда бар тау кен өндіретін машиналарды ағымдағы жылдың наурызында жөндеу алаңына қойды. «Богатырь» кенішінде техникалық қайта қаруландырудың осы тәріздес процедуралар әр жылдары  №№ 1143, 1144, 1145, 1146 роторлы экскаваторлардың басынан өтті.

 СРс(К)-2000 №2147 роторлы экскаваторын жаңарту аясында электр жабдықтарын, кабель өнімдерін, конвейермен роторлы доңғалақтың жетіктерін толық ауыстыру, сонымен бірге басқару жүйесін, машинистер кабинасын және өзінің техникалық ресурсын жасап шығарған механикалық торапты ауыстыру жобалануда. Қазіргі таңда, ТКЖЖ зауытының мамандары экскаватор бригадасымен бірлесіп, машинаның жүру механизмін жөндеумен айналысуда. Соның ішінде, бәсеңдеткіштің, трактың бөлшектенуі орындалды, домалатқышқа жөндеу жүргізілді, А тірегінің жүріс арбасы жиналып қойды және В мен С тіректерінде жұмыстар жүргізілуде.

Бұнымен бірге роторлы торапты ауыстыру бойынша дайындық жұмыстары жүгізіліп жатыр: роторлы доңғалақпен жетекті электр қозғалтқышының шөміштерін бөлшектеу жүзеге асырылды, бәсеңдеткіш жартылай бөлшектенді. Машина үшін қажетті қосалқы және құрамдас бөлшектер Германиядан, Ресейден, Украинадан, сонымен бірге отандық өндірушілерден келіп түседі, кейбір бөлшектер ТКЖЖ зауытында өз күшімен дайындалады. Келесі кезеңде таразыға қарсы консоль астында тіреулермен роторлы қауғаны орнату жоспарланды, бұл  барлық жабдықтарды толығымен бөлшектеуге, оны ауыстыруға және жөндеуге мүмкіндік береді.

Ескі электр жабдықтарды -  электр аппаратты шкафтарды, құрылғыларды, кабельді өнімдерді, кабельді астаушаны бөлшектеуге кірісу 22 мамырға белгіленді. Ең қиын кезең – жаңа электр жабдықтарын орнатуды маусымның екінші он күндігінде орындау жсопарланды. Бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, СРс(К)-2000 №2147 роторлы экскаваторды жаңарту 20 қарашада аяқтау жоспарланды. Мамандардың айтуынша, жүргізіліп жатқан жаңарту экскаваторды пайдаланудың мерзімін 10 жылға - 2027жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Жұмыстың орындалу барысы «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығының ерекше бақылауында тұр. Жұмыстың сапалы орындалуын басқарып қадағалауды  тапсырыс берушімен қатар компания өкілі- «TAKRAF GmbH» неміс фирмасының дайындаушысы жүзеге асырады. Бір есте қаларлығы, СРс(К)-2000 №2147 «Богатырь» кенішінің жетілдірілген барлық төрт роторлы экскаваторы жабдықталған дәл сондай электр жабдығымен басқару жүйесін орнату жоспарланды. Ал бұл өз кезегінде, жетілдірілген машинада жұмыс дағдыларымен құрамды қайта оқыту қажеттілігін болдырмайды.

Қанат АЛДАБАЕВ

Сурет Олег МАЛЬЧУКТІКІ

2017.04.17
2017.04.17

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng