«Самұрық-Энерго» АҚ-да Трансформациялау бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша нұсқаулық кеңестер басталды

2017 жылғы 5 сәуірден бастап Трансформациялау бағдарламасы аясында іске асырылатын 10 жоба бойынша нұсқаулық кеңестер өткізіледі

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Трансформациялау бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша нұсқаулық кеңестер басталды

2017 жылғы 5 сәуірден бастап Трансформациялау бағдарламасы аясында іске асырылатын 10 жоба бойынша нұсқаулық кеңестер өткізіледі.  

Нұсқаулық кеңестердің мақсаты Қоғам мен оның еншілес ұйымдарының жобаларына компанияның бірінші басшыларын уақытылы тарту, негізгі параметрлерді келісу және жобаны іске асыру үшін жауапкершілікті бөлу болып табылады. Жобаларды жобалардың демеушілері «Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директорлары мен жобалардың басшылары арасынан ұсынды. Он-лайн режимінде сөз алғандар жобалардың мақсаттары мен оларды іске асыру тетіктері туралы толық ақпарат беріп, сондай-ақ сұрақтарға жауап берді.

Кеңеске «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Samruk-Green Energy» ЖШС секілді еншілес компаниялардың топ-менеджерлері қатысты.

Нұсқаулық кеңестерді ү.ж. 11 сәуірінде аяқтау жоспарланып отыр, оның қорытындысында еншілес ұйымдардың басшылары мен жобалардың жетекшілеріне жобаның басталғанын жариялау, құжаттарды дайындау және жобалау командаларының құрамын анықтау туралы тапсырма берілмек. 

Анықтама үшін: «Самұрық-Энерго» АҚ-да 17 жобадан тұратын портфель құрылды. Олардың әрқайсысының клиентке бағдар ұстау, бәсекеге қабілетті операциялық холдинг құру бойынша алдарына қойған негізгі стратегиялық мақсаты бар. 

2017.04.07
2017.04.13

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng