«Алматы электр станциялары» АҚ: 2016-2017жж. жылу беру маусымының аяқталуы туралы

Тұтынушылар алдындағы міндеттемелер толық көлемде орындалды, электр қуаты бойынша тағайындалған кесте мен жылу желісінің температуралық кестесі сақталды

«Алматы электр станциялары» АҚ: 2016-2017жж. жылу беру маусымының аяқталуы туралы

«Алматы электр станциялары» АҚ 2016-2017жж. жылу беру маусымынан табысты өткені туралы хабарлайды.

Тұтынушылар алдындағы міндеттемелер толық көлемде орындалды,  электр қуаты бойынша тағайындалған кесте мен жылу желісінің температуралық кестесі сақталды.

- Осы кезең ішінде «Алматы электр станциялары» АҚ кәсіпорындары 3,4 млрд.кВ*сағ электр энергиясын өндірді, бұл алдындағы жылу беру маусымымен салыстырғанда 10% артық. Жылу энергиясы 4,5 млн Гкал  көлемінде өндірілді, бұл өткен мерзіммен салыстырғанда 18% артық, - деп атап көрсетті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары -  Бас инженер Газий Исмухамбетов.

Алдыңғы жылу беру маусымымен салыстырғанда жабдықтар апаттығы шамамен 10% төмендеген. Бұл  «Алматы электр станциялары» АҚ көтерме тұтынушыларына жылу және электр энергиясының сенімді, тұрақты және үздіксіз берілуін қамтамасыз етті.

2016-2017жж. жылу беру маусымы Алматы қ. әкімінің 2017ж. 10 сәуіріндегі  №2/106 қаулысына сәйкес аяқталды.


 «Алматы Электр Станциялары» АҚ «Самұрық - Энерго» АҚ құрамына кіреді.  «Алматы электр станциялары» АҚ Алматы және Алматы өңірінің  негізгі энергия көзі  болып табылады және орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету аймағын шамамен 70%  жылумен  және 70% электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

 «АлЭС» АҚ энергетикалық кешенінің  құрамында: 1- ЖЭО, 2- ЖЭО, 3- ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Каскад Алматы ГЭС, «Энергожөндеу» өндірістік  - жөндеу кәсіпорны, ОҚТО. 

2017.04.12
2017.04.12

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng