Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында Дөңгелек үстел өтеді

Дөңгелек үстел нәтижесінде WSEC-2017-ні дайындау және Қазақстанның төмен көміртекті дамуға көшуінің стратегиялық бағыттарын әзірлеу үшін ұсынымдар жасалады

Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында Дөңгелек үстел өтеді

ҚР БҒМ Экономика институты «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы мен «Самрұқ-Энерго» АҚ-мен бірлесіп, WSEC-2017 Дүниежүзілік ғалымдар мен инженерлер конгресін даярлау шеңберінде 2017 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шараның мақсаты - ЭКСПО-2017 көрмесін дайындауға үлес ретiнде белгілі қазақстандық ғалым-экономистер әзірлеген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ДАМУЫНА КӨШУ СТРАТЕГИЯСЫ: ӘЛЕУЕТІ, БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН ТЕТІКТЕРІ» кітабының тұсаукесерін өткізу.

Дөңгелек үстелге орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес қауымдастықтардың, ғалымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Дөңгелек үстел нәтижесінде WSEC-2017-ні дайындау және Қазақстанның төмен көміртекті дамуға көшуінің стратегиялық бағыттарын әзірлеу үшін ұсынымдар жасалады.                 

Дөңгелек үстелдің өтетін орны: Алматы қ., Құрманғазы көш., 29,  ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, 2-ші қабат, конференц-зал.

Өтетін күні мен уақыты: 7 сәуір 2017 ж., 14.30 сағ.

Байланыс:

тел. +7 (7172) 277-293 - Шынар Омар, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.;

+7 (727) 300-32-17 - Шолпан Туебекова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2017.03.16
2017.03.16

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng