Бизнесті жаңғырту және трансформациялау жөніндегі кеңес «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2017 жылға арналған трансформациялау жөніндегі жол картасын бекітті

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2016 жылға арналған Трансформациялау бағдарламасы

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2016 жылға арналған Трансформациялау бағдарламасының негізгі нәтижелері «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Ө.Е.Шөкеевтің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында қаралды.

«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев Трансформациялау жол картасының 2016 жыл бойынша орындалғаны және «Жоспарлау» іс шараларының 2 Стадиясының аяқталғаны туралы хабардар етті.

Өткен жылы стратегиялық холдингтен операциялық холдингке көшуді қамтамасыз ету үшін компанияның мақсатты моделі әзірленді. Жаңа ұйымдық құрылым мен 800 мақсатты бизнес-үдерістердің модельдері жасалды. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында нақты нәтижелер алынды. Сөйтіп, мысалы, 2016 жылы «ТМҚ-ны босатып алу» жобасы бойынша тиімділік 4,9 млрд. теңгені құрады.

Қор командасы мен «Самұрық-Энерго» корпоративтік орталығына демеушілер 17 жобадан құралған портфельді ұсынды. Олардың әрқайсысы клиентке бағдар ұстаған бәсекеге қабілетті операциялық холдингті құру бойынша  негізгі стратегиялық мақсатқа негізделген.

Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша Өмірзақ Шөкеев 2017 жылға арналған Операциялық трансформациялаудың жол катрасына қол қойды және Жобалар бойынша пайда мен инвестициялар болжамы бекітілді. 

2017.03.03
2017.03.10

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng