«Самұрық-Энерго» АҚ еңбегі сіңген қызметкерлерін құттықтады

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні күні қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ-да еншілес ұйымдардың еңбегі сіңген қызметкерлерімен кездесу өтті

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні күні қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ-да еншілес ұйымдардың еңбегі сіңген қызметкерлерімен кездесу өтті. Мерекелік шараға «Шардара СЭС» АҚ гидротехникалық цехының сырлаушы-сылақшысы Шөжеева Шолпан және «Богатырь-Көмір» ЖШС-ның пойыз диспетчері Цукрук Наталья шықырылды.

Кездесуде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сәтқалиев Алмасадам әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлін, олардың саланың дамуына қосқан үлесін атап өтті. «Самұрық-Энерго» АҚ атынан кәсіпке адалдығы мен жұмыста қол жеткізген жетістіктері үшін қыз-келіншектерге алғыс айтты. Шөжеева Шолпан Шардара СЭС-інде 25 жылдан артық еңбек етеді. Ол гидротехникалық цехты қадағалау тобында ғимарттар мен құрылыстарды зерттеу бойынша жұмыстарға, сондай-ақ су электр станциясының бос су шығаратын құрылғыларын жөндеуге қатысты. Шолпан мінсіз еңбегі үшін бірнеше мәрте ынталандырылды.

Цукрук Наталья көмір өнеркәсібінде 35 жылдан бері еңбек етеді. Оның өмірбаяны «Богатырь-Көмір» ЖШС-мен және пойыздардың қозғалу  қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Жоғары кәсіби жетістіктері үшін құрмет грамоталарымен марапатталды, ІІ және ІІІ-дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісі бар.

Кездесу қорытындылары бойынша Шөжеева Шолпанға және Цукрук Натальяға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында 22150 адам жұмыс істейді, оның 27%-ы немесе 6 мыңнан астамы – әйелдер. Әйелдер ұжымының 12%-ы немесе 731 әйел ыстық және зиянды цехтарда инженер, монтаждаушы, қазандықтар машинистері, турбиналарды аралаушы болып жұмыс істейді. 

2017.03.07
2017.03.07

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng