Fitch Самұрық-Энерго рейтингін «тұрақты» болжаммен «BB+» деңгейінде растады

Fitch Самұрық-Энерго рейтингін «тұрақты» болжаммен «BB+» деңгейінде растады

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін (ЭДР) шетел валютасымен «ВВ+» деңгейінде және қамтамасыз етілмеген басымды рейтінгін шетел валютасымен «ВВ» деңгейінде растағанын хабарлайды.

Fitch хабарламасында ЭДР бойынша болжам – «тұрақты» деп хабарланды.

Рейтинг агенттігінде: «Компанияның мемлекетпен мықты стартегиялық және операциялық байланыстарының сақталуын және біздің компания өтеу мерзімі 2017 жылғы желтоқсанға дейінгі 500 млн. доллар сомасына еурооблигацияларды қайта қаржыландырады немесе жеткіліксіз ақшалай қаражат ағыны кезінде үкімет оған уақытылы қаржылық қолдау көрсетеді деген болжамдарымызды көрсетеді», - деп түсіндірді.

Fitch 2016 жылдың соңындағы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өтімділігі еурооблигациялар бойынша төлемдерді толық жабу үшін алдағы кредиттік желілерге айтарлықтай тәуелді және егер компания қайта қаржыландыруды ала алмаса теріс рейтингке әкеп соғады деп санайды.

«Компанияның өз бетінше кредике қабілеттілігі қарыз жүктемесінің көп болуына және жоғары валюталық тәуекелге байланысты әлсіз болып қалуда», - деп көрсетілген хабарламада.

2007 жылы құрылған «Самұрық-Энерго» АҚ «Самұрық-Қазына» қазақстандық ұлттық әл-ауқат мемлекеттік қорының құрылымына кіреді.  

fitchratings.cominterfax.kzkapital.kz

2017.02.20
2017.03.03

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng