«Самұрық-Энерго» АҚ БАҚ қызметкерлері арасында өткен IV шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттады

Ұсынылған жұмыстардың географиясы Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Ақмола облысын қамтиды

«Самұрық-Энерго» АҚ БАҚ қызметкерлері арасында өткен IV шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттады

2017 жылғы 31 қаңтарда Астана қаласында Қазақстанның электр энергетикалық саласында «Самұрық-Энерго» АҚ жобаларын дамыту мен жаңғыртудың, іске асырудың өзекті мәселелерін жариялау бойынша БАҚ қызметкерлері арасында IV шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау өткізілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев конкурстың лауреаттарына наградаларды табыстап: «Сіздердің кәсіпорындар және іске асырылатын жобалар туралы жарияланымдар мен сюжеттер саланың жұмыс күндері мен жетістіктері туралы баяндайтын тарих болып қалады. Әрқайсысың Қазақстанның энергетикалық секторының қызметін жариялауға, энергетиктердің еңбегін дәріптеуге үлесін қосады», - деп атап кетті.    

Конкурсқа Алматы ТВ телеканалдары тілшілерінің, «Казахстанская правда» республикалық газеті жеке тілшісінің, «Звезда Прииртышья», «Отарка», «Пульс Карасая» өңірлік баспасөз басылымдар, «Халықрадиосы» радиостанциясы журналистерінің және Yvision.kz аумағы блогерінің 21 авторлық жұмысы қабылданды.

Ұсынылған жұмыстардың географиясы Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Ақмола облысын қамтиды. Лауреаттар мен номинанттардың тізімі компанияның www.samruk-energy.kz ресми сайтында «Медиа» - «БАҚ-қа арналған конкурстар» бөлімінде орналастырылған.   

2017.01.31
2017.02.01

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng