ШҚ АЭК мен МЭБК-ны сату бойынша конкурс бар қорытындысы туралы

Сауда-саттық табысты өтті, конкурстық өтінімдердің жеңген баға ұсыныстары бастапқы жарияланған құннан асып кетті

«Самұрық-Энерго» АҚ «ШҚ АЭК» АҚ-ның 100% акциясын (оның құрамында «Шығысэнерготрейд» ЖШС бар) және «МЭБК» АҚ 78,64% акциясын сату бойынша ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтады.

— Сауда-саттық табысты өтті, конкурстық өтінімдердің жеңген баға ұсыныстары бастапқы жарияланған құннан асып кетті, — деп хабарлады «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Мақсұтов.

Мемлекеттік органдардың қажетті корпоративтік мақұлдауы мен келісімдерін алғаннан кейін тараптар мәміле жасау шараларын кіріседі.

«Самұрық-Энерго» АҚ Активтерді жекешелендіру жөніндегі комиссиясы (Салалық комиссия) процестің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етті, оның құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және «Атамекен» ҰКП өкілдері кіреді.

Аталған активтерді сату тәсілін Қазақстан Республикасының Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекітті, конкурстық рәсімдер Активтерді сатудың бірыңғай қағидаттарына («Самұрық-Қазына» АҚ бекіткен) сәйкес жүзеге асырылды.

Активтерді жекешелендіру «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысын орындау мақсатында жүзеге асырылады, соған сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ-ның мына ірі активтері сатуға шығарылды: «Ақтөбе ЖЭО» АҚ; «ШҚ АЭК» АҚ (құрамында «Шығысэнерготрейд» ЖШС бар); «МЭБК» АҚ; «АЖК» АҚ; «АлЭС» АҚ; «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС; «Тегис Мунай» ЖШС (құрамында «МангышлакМунай» ЖШС бар).


Бұқаралық ақпарат құралдары үшін баланыс телефондары:

  • Марат Мұхамедсалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Баспасөз хатшысы, +7(7172)553062 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
2017.01.30
2017.01.30

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng