«АлЭС» АҚ: күзгі – қысқы маусымнан штаттық режимде өтуде

Негізгі және қосалқы жабдықтардың резерві қамтамасыз етілген, жылыту маусымынан тұрақты әрі сенімді өту үшін материалдардың, жабдықтардың, арнайы техниканың қажетті саны толық көлемде жеткізілген

«Алматы электр станциялары» АҚ жылыту мерзімінен штатты режимде өтуде. Күзгі – қысқы кезеңде «АлЭС» АҚ  тарапынан тұтынушыларды шектеу орын алған жоқ.

Негізгі және қосалқы жабдықтардың резерві қамтамасыз етілген,  жылыту маусымынан тұрақты әрі сенімді өту үшін материалдардың, жабдықтардың, арнайы техниканың қажетті саны толық  көлемде жеткізілген.  Электр қуаты бойынша және жылу желісінің температуралық кестесі бойынша берілген  кесте сақталуда.

Апаттық бригадалар техника және арнайы киіммен  жасақталып, жабдықталған. «АлЭС» АҚ персоналының апатқа қарсы жаттығудан өту кестелері бекітілген.

Қажетті қорларды жинақтау мақсатында 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, және БЖК үшін отын жеткізу шарттары жасалған. Көмірдің (220 мың тонна) және мазуттың (13 мың тонна) нормативтік қорлары жинақталды және толықтырылып отырады.

- Болжамды есептеулерге сәйкес 2016-2017жж. күзгі- қысқы мерзімінде электр энергиясын беру көлемі  3,36 млрд кВт.сағ. жетеді. 2017 жылдың 26 қаңтарындағы жағдайға сәйкес іс жүзінде – 2 млрд. кВтсағ берілген. Күзгі- қысқы  кезеңде жылу энергиясының жоспарланған көлемі – 4,5 млн. Гкал.  Бүгінгі күні іс жүзіндегі өндіріс көлемі 2,5 млн. Гкал құрады,  – деп хабарлады «Алматы электр станциялары» АҚ 2-ЖЭО басқарушы директоры Фазоил Салимов.

Күзгі-қысқы  кезеңде Алматы энерготорабының электр қуатына деген  қажеттілік көлемі 1 450 МВт  деңгейінде жоспарланады, соның ішінде Алматы қ. бойынша  – 940 МВт деңгейінде жоспарланады. «АлЭС» АҚ электр станцияларындағы ағымды жүктеме жүйелік оператордың тапсырысы бойынша 885 МВт құрайды.

«АлЭС» АҚ 2016-2017жж. күзгі- қысқы мерзімге дайындалу барысында жоспардан 100% құрайтын негізгі жабдықтың 60 бірлігі (13 күрделі және орташа жөндеу, 47 ағымды жөндеу) жөнделді.

 


Анықтама: «Алматы электр станциялары» АҚ   «Самұрық – Энерго» АҚ құрамына кіреді. Алматы электр станциялары Алматы қ. және Алматы өңіріндегі негізгі энергия көзі болып табылады,  орталықтандырылған жылыту аймағының шамамен 70% жылумен және 70% электр энергиясымен қамтамасыз етеді.  

 

 «АлЭС» АҚ энергокешенінің құрамында: 1-ЖЭО, 2-О, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай  ГЭС, Каскад Алматы ГЭС, «Энергожөндеу» өндірістік  - жөндеу кәсіпорны, ОҚТО бар.

  • Контакты: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • тел.: +7 (727) 22770 18, +7 (701)7275544
2017.01.27
2017.01.28

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng