«Самұрық-Энерго» АҚ жылдық есебі — конкурс жүлдегері

«Самұрық-Энерго» АҚ жылдық есебі «Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігі өткізген конкурста «Қаржылық емес сектордың үздік жылдық есебі» номинациясында тағы да үздік деп танылды

«Самұрық-Энерго» АҚ жылдық есебі — конкурс жүлдегері

«Самұрық-Энерго» АҚ жылдық есебі «Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігі өткізген конкурста «Қаржылық емес сектордың үздік жылдық есебі» номинациясында тағы да үздік деп танылды,  сондай-ақ «Үздік интерактивті есеп» номинациясының күміс жүлдегері атанды. 

2016 жылғы 28 желтоқсанда RAEX («Эксперт РА Казахстан») рейтинг агенттігінің «Қазақстандық қор биржасы» АҚ қолдауымен өткізген VI Жылдық есептердің жыл сайынғы конкурсының марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы конкурс қорытындысы да 2015 жылғыдай «Самұрық-Энерго» АҚ ақпаратының ашықтық деңгейін, жылдық есептің әзірлену сапасы бойынша корпоративтік сектордағы басшылық ұстанымын жоғары бағалады.

Сарапшылардың пікірінше, «Самұрық-Энерго» жылдық есебі барлық қызмет аспектілері бойынша ақпараттың мейлінше толық берілгендігімен сипатталады. Қазылар алқасы компания «Есептілік бойынша жаҺандық бастама» мен электр энергетикасы саласындағы GRI хаттамасының қағидаттарын пайдалана отырып, қаржылық емес сектордың дамуы жолында өз жұмысын жалғастырып келеді деп есептейді. Құжатты әзірлеу барысында БҰҰ Жаһандық шартының есептілікке қоятын талаптары мен Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары ескерілді.

Сарапшылар компания құжатты әзірлеуде мазмұны жағынан ғана емес, нысаны жағынан да үздік тәжірибелерге сүйенетінін атап өтті. Мәселен, компанияның 2015 жылғы есебі екі томнан тұрады десек, оқырманға ыңайлы болуы үшін қаржылық есептіліктің жеке тұрғанын атап өтуге болады. Компания сондай-ақ жылдық есептің қысқаша нұсқасын да әзірлеген, ол нұсқада ұйым қызметінің тек негізгі қорытындылары берілген.

Қазіргі заманғы үрдітерге орай, жыл сайын жылдық есептің веб-сайтта орналасатын интерактивті нұсқасы да даярланады.
Конкурсқа жалпы 137 компания қатысқан болса, қазылар алқасының құрамына корпоративтік басқару және есептілікті әзірлеу саласындағы кәсіби мамандар тартылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ сарапшылардың жоғары бағасына алғыс білдіре отырып, өз тәжірибесін жетілдіре түспек және алдағы уақытта да ақпаратты ашуда үздік халықаралық тәжірибелерді қолданатын болады.

2016.12.28
2016.12.28

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng