«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 4 активін сату рәсімі 2017 жылдың 1 жартыжылдығында аяқталуы мүмкін

Төрт кәсіпорын екі сатылы ашық конкурс арқылы сатылатын болады

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 4 активін сату рәсімі 2017 жылдың 1 жартыжылдығында аяқталуы мүмкін

«Самұрық-Энерго» АҚ-ны 2019 жылы  IPO-ға шығару жоспарланып отыр.  Осы мерзімге дейін компания алдында активтерінің бір бөлігін жекешелендіру міндеті тұр, сонымен бірге олардың сатуға неғұрлым дайын деген төртеуі қараша айының өзінде-ақ сатуға қойылды. 

Төрт кәсіпорын екі сатылы ашық конкурс арқылы сатылатын болады. Бұлар - «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ-ның 100% акциясы ( «Шығысэнерготрейд» ЖШС-дағы 100 % үлесін қоса алғанда); «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның 100% акциясы; «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның 78,64% акциясы (МЭБК) және «Тегіс Мұнай» ЖШС-дағы  100%  қатысу үлесі ( «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС-дағы 0,05% қатысу үлесін қоса алғанда). Активтердің нарықтағы жиынтық құны шамамен 40 млрд. теңгені құрауы мүмкін, төрт кәсіпорынның қызметкерлерінің жалпы саны - 4500 адамға жуық.

Аталған объектілерге қандай инвесторлар қызығушылық танытып отырғанын және әлеуетті сатып алушыларға қандай талаптар қойылатынын  «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Қайрат Мақсұтов  әңгімелеп берді.

- Әлеуетті инвесторларға қандай талаптар қойылатын болады? Конкурс жеңімпазын таңдауда қандай нәрсе шешуші рөл атқарады?

- «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының Активтерді сатудың бірыңғай қағидаларына сәйкес, активтерді сатудың бірнеше тәсілдері белгіленген. Біріншісі   - электронды аукцион, бұл тәсіл құны 5 млрд теңгеден төмен активтерді сатқан кезде қолданылады. Екінші тәсіл - екі сатылы ашық конкурс, бұл тәсіл құны 5 млрд теңгеден асатын компаниялар үшін қолданылады. Қағидада сонымен қатар тікелей  сату да қарастырылған.

БАҚ-та жариялаған төрт активті екі сатылы ашық тендер арқылы сатуды жоспарлап отырмыз. Бірінші кезеңде біз әлеуетті сатып алушыларға біліктілік талаптарын қоямыз. Талаптарға сәйкес компаниялардың белгілі ір капиталдандыру деңгейлері болуы тиіс, мерзімі өткен салықтық берешектері болмауы, банкрот болуу/оңалту рәсімдеріне ұшырамауы, жеңілдікті салық салу құзыреті болмауы тиіс. Электр энергетикасы саласында  жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті. 

Іріктеуден өткен үміткерлер екінші кезеңде өздерінің баға ұсынымдарын береді. Активтің бастапқы құнын біз жариялап қойдық, бұл кезеңде жеңімпазды таңдаудағы негізгі критерий - олар ұсынған бағаы.

Активтердің жаңа иелеріне инвестициялық міндеттемелер қойылатын болады. Олардың негізгісі – компания қызметінің бейінін сақтау. Сонымен қатар жаңа меншік иесі үш жыл ішінде активтің 50 және одан да көп пайызын қайта сата алмайды. Ол ағымдағы және күрделі жөндеуге салынатын инвестицияның белгілі бір деңгейін ұстап тұруы тиіс, кәсіпорынды сатып алған сәттен бастап 12 ай ішінде қызметкерлердің 10-20%-ымен ғана еңбек шарттарын бұзуға құқығы бар. Бұл міндеттемелер орындалмаған жағдайда, айыппұл санкциялары қолданылатын болады, тіпті  «Самұрық-Энерго» АҚ-мен сатып алу/сату шарты бұзылуы мүмкін. .

Бұл талаптардың барлығы объектілерді тиімсіз меншік иесіне сатудың алдын алады және кәсіпорындарда күрделі өзгерістер болмауы үшін жаңа меншік иелерінің қабылдаған міндеттемелерін орындауын бақылап отыруға мүмкіндік береді.  ШҚ АЭК, Ақтөбе ЖЭО, МЭБК  өз өңірлеріндегі электр және жылу қуаты бойынша бірден-бір жеткізуші болып табылады.  Сатылғаннан кейін де табиғи монополиялардың субъектілері бола отырып, олар реттелетін мемлекеттік ортада қызмет көрсететін  болады. 

- Яғни, кәсіпорын сатылғаннан кейін оның жаңа иесінің кәсіпорынның саясатын күрт өзгертуіне мүмкіндік жоқ қой?  

- Көрсетілетін қызметтерге тариф белгілеуге келетін болсақ, сатылатын компаниялар монополия субъектісі ретінде немесе басымдыққа ие субъект ретінде мемлекет тарапынан реттеледі. Атап айтқанда, сатуға қойылған желілік компаниялардың 2016 жылдан 2020 жылға дейін бекітілген ұзақ мерзімді тарифтері бар. Бұл тарифтер жыл сайын қайта қаралуы мүмкін, бірақ оны арттыруға қажеттілік болған жағдайда олар уәкілетті органның алдында негіздеп, олардың мақұлдауын алуы тиіс. Жаңа иелері ешбір негізсіз және біржақты тәртіпте тарифтерді көтере алмайды. 

- Сатуға қойылған барлық компаниялар табысты  ма?

- Олар – шығыны жоқ компаниялар, тек жобалық компания болып табылатын, әзірге тек инвестиция салып, пайдасын көрмей отырған «Тегіс Мұнай» ЖШС.ШҚ АЭК, МЭБК, Ақтөбе ЖЭО - табиғи монополия субъектілері болып табылады, олардың рұқсат етілетін пайда алу деңгейі және белгілі бір аз ғана табыстылық деңгейлері бар. Оларды сатқаннан кейін холдинг тобына кіретін компаниялардың орташа маржиналдылығы өсетін болғандықтан,   «Самұрық-Энерго» АҚ-ның портфеліндегі активтердің сапасы жалпы жақсарады.

- «Тегіс Мұнай» ЖШС өндіруші кәсіпорын ретінде шетелдік инвесторға сатылуы мүмкін бе?

-  «Самұрық-Қазына» АҚ бекіткен ағымдағы Жекешелендірудің бірыңғай қағидалары  шетелдік тұлғалардың ашық екі сатылы тендерге қатысуына тыйым салмайды. «Маңғышлақ-Мұнай» компаниясының 100% иесі болып табылатын «Тегіс Мұнай» ЖШС өз кезегінде  , «Придорожное» газ кен орнындағы барлау жұмыстарын аяқтады, қазіргі кезде өндіруге келісімшарт алу үшін жұмыс жүргізіп жатыр.   Бұл жерде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң бойынша мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға құқылы екенін атап өту қажет. Сондықтан «Тегіс Мұнай» ЖШС-ны сату, ең алдымен, мемлекетке ұсынылатын болады. Ол бас тартқан жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығы екі сатылы конкурс қорытындысы бойынша анықталған жаңа меншік иесіне сатылады.

- Төрт активтің жаңа иелері қашан белгілі болады?

- 24 қарашада БАҚ-та оларды сату туралы хабарлама жарияланды. Әлеуетті инвесторларға компанияларды зерттеп, тендерге қатысуға дайындалу үшін уақыт беріледі. Бір компания бойынша конкурстың бірінші сатысын осы жылы, қалған үш компания бойынша 2017 жылғы қаңтардың аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жалпы алғанда, барлық активтер бойынша конкурс қорытындыларын 2017 жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін аяқтау болжанып отыр.

- Ал егер конкурс өтпесе ше?

- Әр түрлі факторларға байланысты жағдайдың мұндай сипат алуы да мүмкін. Оның ішінде әлеуетті сатып алушылардан түсетін өтінімдердің жеткіліксіз болуы (екеуден аз болмауы тиіс) немесе олардың мүлдем болмауы себепті. Аталған жағдайда жекешелендіруге қатысты кейінгі іс-шаралар туралы шешім акционер («Самұрық-Қазына» АҚ), сондай-ақ Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия деңгейінде қабылданады.  Балама нұсқа ретінде тікелей атаулы сатуды қарастыру мүмкін болады. Өз қызметтерін бастамаған активтер бойынша оларды тарату туралы шешім қабылдануы мүмкін. Табиғи монополиялар субъектілері бойынша әбден ойластырылып, таразыға салынған шешім талап етіледі: бәлкім,   «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметі осы өңірлердің тіршілік қарекетімен байланысты болғандықтан, осы активтерді басқаруды жалғастыра беретін болар.  Қайталап айтамын, әрбір жеке жағдайды барлық уәкілетті органдарда қарайтын болады («Самұрық-Қазына» АҚ және т.б.).

- «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жекешелендіруге жататын қалған үш активі сатуға қашан дайын болады?

- Барлығы да активтердің құнын барынша көтеруге мүмкіндік беретін белгілі бір факторларға байланысты. Бұлар, мысалы, тарифтің жеткілікті деңгейін белгілеу, кәсіпорын объектілерін реконструкциялауды аяқтау. Сондықтан үш актив бойынша:  «Алатау Жарык Компаниясы», «Алматы электр станциялары», «АлматыЭнергоСбыт» -  консультанттың ұсынымдарына сәйкес, активтердің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында тиісті дайындық жүргізілетін болады.  Мәселен, бір компанияда қайта құру және жаңғырту жөніндегі жобаларды аяқтау қажет, ол қосылған құнды көбейтеді. Екіншісінде оңтайландыру жүріп жатыр, үшіншісінде тариф белгілеу мәселесі шешілуде. Осы компанияларды сатқан кезде барынша жоғары баға алу үшін неғұрлым қолайлы кезең белгіленетін болады. Өзіміз  2017-2019 жылдар болады деп шамалап отырмыз. Оның үстіне, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, активтерді жекешелендіру үдерісі бес жылға:  2016-2020 жылдарға есептелген.

- Әлеуетті сатып алушылар тарапынан қазірдің өзінде қызығушылық бар ма? Олардың арасында шетелдік инвесторлар бар ма?

- Компанияларға шетелдік те, отандық та инвесторлар қызығушылық танытуда. Жергілікті компаниялар тарапынан қызығушылық басым деп айта аламын, олардың арасында энергетикалық кәсіпорындары бар компаниялар да бар. Олар бұл бизнесті біледі әрі өз активтерін өсіруге ниетті.   

Жекешелендіруге Қазақстан резиденттері ретіндегі заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да, сондай-ақ резидент еместер де қатыса алатынын атап өткім келеді. Активтерді сатудың бірыңғай қағидаларында бұл тұрғыда шектеулер белгіленбеген. 

2016.12.22
2016.12.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng