«Парыз» республикалық конкурсы: 1-МАЭС «Үздік ұжымдық келісімшарт» номинациясында күміс жүлдегер атанды

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС ірі кәсіпкерлік субъектілерінің арасында «Үздік ұжымдық келісімшарт» номинациясында күміс жүлдегер атанды

«Парыз» республикалық конкурсы: 1-МАЭС «Үздік ұжымдық келісімшарт» номинациясында күміс жүлдегер атанды

2016 жылғы 7 желтоқсанда Астанада "Қазмедиаорталығында" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсында ҚР Президентінің сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өткізілді.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС ірі кәсіпкерлік субъектілерінің арасында «Үздік ұжымдық келісімшарт» номинациясында күміс жүлдегер атанды.

Компанияның Ұжымдық келісімшарты еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақыты мен дем алу уақыттарының ұзақтығы, еңбек демалыстары, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар туралы ережелерді қамтитындығы айтылады.

Диплом мен күміс статуэтканы 1-МАЭС бас директоры Р.Т.Свамбаевқа Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова табыс етті.

2016.12.08
2016.12.13

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng